18 желтоқсан мен 20 желтоқсан аралығында ел өңірлерінде дауыл, тұман, көктайғақ күтіледі, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. Атырау облысындағы дауылдың ықтималдылығы – 85-90%. 19-20 желтоқсанда Атырау облысының кей жерлерінде тұман, 19 желтоқсанда көктайғақ күтіледі. Атырау қаласында 19 желтоқсанда түнде тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда облысындағы дауылдың ықтималдылығы – 90-95%. 19 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін күтіледі. Маңғыстау облысындағы дауылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%. 19 желтоқсанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі. Ақтау қаласында 19 желтоқсан түнде және таңертең көктайғақ күтіледі. Жамбыл облысында дауылдың ықтималдылығы – 90-95%. 19-21 желтоқсанда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады. Күші – 15-20 м/с, күндіз 19, 20 желтоқсанда түнде екпіні 23-28 м/с дейін күтіледі. Тараз қаласында 19-21 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. 19 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с дейін күтіледі. Батыс Қазақстан облысындағы дауылдың ықтималдылығы – 85-90%. 19 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Орал қаласында 19 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақмола облысындағы дауылдың ықтималдылығы – 85-90%. 19 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін күтіледі. Көкшетау қаласы 19 желтоқсанда таңертең және күндіз тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15 м/с дейін күтіледі. Қарағанды облысындағы дауылдың ықтималдылығы – 70-75%. 19 желтоқсанда Қарағанды облысында кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Кей жерлерінде күші 15-20 м/с дейін күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысындағы дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%. 19 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Кей жерлерде күші 15-20, екпіні 23 м/с дейін күтіледі. Петропавл қаласында 19 желтоқсанда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с дейін күтіледі.