Президенттің немересі фамилиясын Петров деп ауыстырып, бизнес жүргізіп отыр
Президенттің немересі фамилиясын Петров деп ауыстырып, бизнес жүргізіп отыр
5,134
оқылды

Бұл туралы Naviny.by басылымы ақпарат таратты.

Құрманбек Бакиевтің Руслан есімді немересі Петров тегін алып, Белоруссияда бизнес жүргізіп жатыр.  

25 жастағы Руслан Петров — Құрманбек Бакиевтің ұлы Мараттың баласы. Ол Минскідегі Centropol көпфункциялы кешен құрылысына қатысатын компания қожайындарының бірі көрінеді. 

Naviny.by басылымы Руслан Петровтың Қырғызстанның экс-президентінің немересі екеніне сенімді. 

«Ол 2010 жылы Белоруссия мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастар факультетіне оқуға түскен. Оның аты-жөні аталған университеттің студенттер тізімінде Бакиев Руслан Маратович деп жазылған. Алайда келесі жылы дәл сол факультеттегі Руслан Маратовичтің тегі Петров деп көрсетілген» дейді басылым журналистері.

Naviny.by Беларуссияның заңды тұлғалары мен жеке кәсіпкерлерінің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне сілтеме жасай отырып, Руслан Маратович Петров  осы жылдың наурыз айында тіркелген «Белхантер-Инвест» компаниясының құрылтайшыларының бірі екенін жазады. Бұл компания өз меншігіндегі және жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға берумен айналысады.

Белорусс баспасөзі былтыр Қырғызстанның экс-премьері Данияр Үсеновтің аты-жөнін  Даниила Урицкий етіп өзгертіп, Лукашенконың елінде бизнес ашқанын жазған болатын.