Nur Otan-ның Павлодар облыстық филиалы лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі мәселесін қарады
Nur Otan-ның Павлодар облыстық филиалы лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі мәселесін қарады

Nur Otan партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченконың қатысуымен партиялық бақылау комиссиясының және партияның Павлодар облыстық филиалының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті.

Жаңадан тағайындалған партияның облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Олег Костенко және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Сансызбай Әкімбеков отырыс жұмысын ашты.

Партияны «қайта жандандыруға» байланысты партия органдарының құрамында ғана емес, сонымен қатар жалпы жүргізіліп жатқан барлық жұмысқа деген көзқарас өзгерді.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі партияның аумақтық филиалдарының облыстық филиалының бақылау комиссиясының тексеру қорытындыларын талқылауға арналды.

пав 2.jpeg

Комиссия төрағасының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлігінде, партиялық бақылау желісі бойынша есеп және статистика секторларындағы бұзушылықтар болды. Айтылған ескертулерге бірқатар аудандық филиалдар байқалды. Ескертулер мен бұзушылықтар саны бойынша «көшбасшылар» Екібастұз қаласы мен Железин ауданының партия филиалдары екендігі атап өтілді.

Партияның Орталық аппаратының партиялық бақылау комитеті халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын мақсатты пайдаланбағаны үшін партия мүшелері – лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы мәселені қарады.

Партия Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко партия Екібастұз филиалының ПБК төрағасы құрамынан шығарылуын және Екібастұз қаласы Железнодорожныйауылдық округінің әкімі Ерлан Кисеналинді Nur Otan партиясының мүшелері құрамынан шығарылуын ұсынды.



Екібастұз қаласының әкімі Ержан Иманзаипов осы мәселені қарау және Nur Otan партиясы Екібастұз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нияз Макраевты тапсырмаларды жүйелі түрде орындамағаны және есептілікті үзгені үшін партиялық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізді.

Отырыс жұмысының қорытындысы бойынша партиялық бақылау комиссиясы Екібастұз қалалық партия филиалының бірінші орынбасары Н.Макраев пен Железин аудандық партия филиалының бірінші орынбасары Т.Сәрсеновқа қатаң сөгіс беру туралы шешім шығарды.Өз кінәсін түсініп, мойындауына байланысты Железнодорожныйауылдық округінің әкіміне қатаң сөгіс жариялау туралы шешім қабылданды.

Партияның өңірлік филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко аумақтық филиалдардың барлық бірінші орынбасарларын партиялық жауапкершілікті сақтауға шақырды, өзге жағдайда партия қатарынан шығаруға дейін қатаң шаралар қабылданатының ескертті.

Сондай-ақ, Илья Теренченко Ақтоғай аудандық және Аққулы аудандық партия филиалдарының жұмысы мен жоғары кәсібилігін атап өтті.

– Елбасы «қайта жандандыру» дәуірінде жергілікті партия органдарының жұмысын күшейту қажеттігін көрсетіп, партиялықтарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан да, Nur Otan партиясының қатарында ең лайықтылар болады, – деп И. Теренченко қорытындылады.

Сондай-ақ, партия филиалдарында «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде, «Құтты мекен» ұлттық жобасының нысандарында бюджеттік қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына партиялық бақылауды ұйымдастыру, Nur Otan партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының 2019 жылға арналған Жол картасын орындау бөлігінде іске асырылу барысы туралы мәселелер қаралды.