Елордада жыл басынан бері 113 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсетілді

Елордада жыл басынан бері 113 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсетілді

2020 жылдың 11 айында 113 млрд теңгеден аса сомаға медициналық қызмет көрсетілген. Оның ішінде ТМККК аясында – 76,5 млрд теңге , МӘМС жүйесінде – 36,6 млрд теңге .

«Осы аралықта көрсетілген консультативтік-диагностикалық қызметтерге 14,3 млрд теңге төленді , 5409 жоғарытехнологиялық медициналық қызметке – 1 млрд теңгеден астам , 97 536 стоматологиялық қызметке - 225 млн теңге төленді. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша стационарда емделгендер саны - 199 363», – дейді әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Медициналық сақтандыру қоры 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 100 қызмет жеткізуші медициналық ұйыммен келісімшартқа отырған. Емдеу мекемелерінің 32-сі – мемлекеттік, 60-ы – жекеменшік, 8-і - республикалық медицина ұйымдары. Оның ішінде амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйым – 35, тәулік бойы жұмыс істейтін стационар – 30, стационарды алмастыратын көмек көрсетушілер – 77, консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін медициналық мекеме – 12.