«Газпром» апелляциялық сотта Украинадан жеңілді. Газ транзиті қалай болмақ?

Свеа (Швеция) округының апелляциялық соты «Газпром» мен «Нафтогаз» арасындағы дауда украиналық компания жағына шықты. Бұл оқиға Ресей мен Украина арасындағы жаңа келісімшарт туралы келіссөздер басталған сәтте орын алды. Сот шешімі келіссөздерді қиындатуы мүмкін,– деп жазады bbc.com.

Апелляциялық сот Газпромның Стокгольм арбитражының шешіміне шағымын қанағаттандырудан бас тартты. Еске сала кетейік, 2017 жылдың желтоқсанында арбитражды сот Украинаның «Нафтогазына» жеткізілген газ үшін «Газпромға» 2 миллиард доллар төлеуді талап еткен, бірақ төленбеді. Ал 2018 жылғы ақпанда газ транзиті бойынша екінші келісімшарт туралы шешім қабылданды.

Айырмашылық Киевтің пайдасына шықты – арбитраждың шешімі бойынша «Газпром» 2,6 миллиард доллар қарыз болып қалды. Газ саудасы бойынша ресейлік монополис компания ақшаны төлеуден бас тартып, шағым түсірген. Швед соты ол шағымды жоққа шығарды.

«Толық жеңіс! Украина тағы да жеңіске жетті», – деп жазды «Нафтогаздың» атқарушы директоры Юрий Витренко Facebook-те. Бірақ, «Газпром» сот шешіміне түсінік берген жоқ, дейді bbc.com.

Швеция сотының шешімі Ресей мен Украина арасындағы газ туралы келісім бойынша келіссөздер жүріп жатқан кезде қабылданды. Қазіргі келісім-шарт мерзімі желтоқсан айының соңында аяқталуы тиіс.

Дегенмен, сарапшылар жоғарыдағы сот процесінің Ресей мен Украинаның арасындағы жаңа газ келісімшартының келіссөздерін қиындататынын айтады.

Айта кетейік, дүйсенбіде президенттер Владимир Путин мен Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті. Кремльдің хабарлауынша, екі ел басшысы «газ транзитінің жалғасуы және Ресей газын Украинаға тікелей жеткізуді қалпына келтіру мәселелерін» талқылағанын хабарлады.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.