Павлодарда глютенсіз өнім шығарыла бастады
Павлодарда глютенсіз өнім шығарыла бастады
123
оқылды
Облыс орталығының тұрғыны денсаулыққа аса пайдалы жартылай фабрикаттар өндірісін іске қосты. Енді глютенді, яғни дәнді дақылдарда кездесетін ақуызды көтере алмайтын азаматтар отандық өнімді тұтына алады. Жас кәсіпкер бұған дейін глютенсіз өнімдерді дүкендерден сатып алып жүрген. Кейін осындай тағамдарды өзі шығаруға бел буған. Себебі ұлы демікпеге шалдыққандықтан денсаулығы байланысты глютенсіз ұн сатып алумен болған. Жарты жыл бұрын кәсіпкер атанған Инара Әбілғазинаның айтуынша, глютенсіз тағам – демікпемен күресудің бір жолы. Дұрыс тамақтану баламның денсаулығын жақсартты. Сондықтан отандық өнім өндірісін іске қосқысы келіп, ұн және макарон өнімдерін әзірлемек болған. Кәсіпкердің идеясы мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау тауып, Инара Әбілғазина грант иегері атанған. Бұл қаражатқа арнайы құрал-жабдық сатып алып, ісін бастаған екен. – Басты мақсатым – глютенсіз өнімді қолжетімді ету. Алдағы уақытта өнімімді дүкендерге тасымалдайтын фирмамен келісімшартқа отырамын. Өзге өңірлерде серіктес болатын делдалдарды іздеп жатырмыз. Нұр-Сұлтан, Шымкент және Атырау қалаларына өнім тасымалдамақпыз. Семейге қап-қап өнім жөнелтіп жатырмыз, – дейді Инара Әбілғазина.