«Келесі қарсыласы кім?»: DAZN Головкиннің жеңісінен кейін жанкүйерлерге үндеу жасады
«Келесі қарсыласы кім?»: DAZN Головкиннің  жеңісінен кейін жанкүйерлерге үндеу жасады
135
оқылды
DAZN стримингтік сервисі орта салмақтағы Қазақстан чемпионы Геннадий Головкиннің кезекті жеңісінен кейін жанкүйерлерге үндеу тастады, – деп хабарлайды Sports.kz. Бүгін Геннадий Головкин Голливудтағы (Флорида штаты, АҚШ) Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын сәтті қорғады. DAZN Boxing Twitter-де  Сауль Альварес, Деметриус Андраде, Джермалл Чарло, Билли Джо Сондерс және Джайми Мунгия бейнеленген коллаж жариялады.
"GGG-дің келесі қарсыласы ретінде кімді көргіңіз келеді?", – деп жазған.  width=