Coca-Cola екі мыңнан астам қызметкерін қысқартады
Coca-Cola екі мыңнан астам қызметкерін қысқартады
134
оқылды

Әлемдегі ең ірі сусын өндірушілердің бірі – Coca-Cola 2200 қызметкерін қысқартады.

Компания мұны пандемия жағдайындағы қайта құрылымдау шешімімен түсіндіріп отыр. Қысқартуға ұшырайтынның жартысынан астамы америкалықтар. Осылайша, шығынды оңтайландырған өндіруші жылына 550 миллион доллар үнемдеуі мүмкін.

Айта кеткен жөн, жыл басында Coca-Cola қызметкерінің саны 86 мыңға жуықтаған. Коронавирустың кесірінен мейрамханалар, барлар мен кинотеатрлар жабылғасын компания шығыны мен өнім көлемін азайтқан. Биыл жаздың аяғында басшылық АҚШ пен Канададағы 4 мыңдай қызметкеріне өз еркімен жұмыстан кетуді ұсынған. Алайда оған қанша адамның келіскені белгісіз.