Али Ахмедов титулды жекпе-жекте нокаутпен жеңіліп қалды
Али Ахмедов титулды жекпе-жекте нокаутпен жеңіліп қалды
224
оқылды

Ахмедов Холливудта (Флорида штаты, АҚШ) эквадорлық Карлос Гангорамен жұдырықтасқан.

Боксшылар екінші орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын сарапқа салды. Қазақстандық боксшы жекпе-жекте белсенді болды. Бірақ соңына қарай Гангора белсендірек әрекет ете бастады. Соңғы раундта ол Ахмедовті нокдаунға түсіріп, әлем чемпионы атанды.

Ахмедов кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліп отыр. Бұған дейін 16 кездесуде жеңген, оның 13-ін мерзімінен бұрын аяқтаған.   Ал Карлос Гангора 19-кездесуінде жеңіске жетті. Оның 14-ін нокаутпен аяқтаған.

Айта кетейік, бұл жекпе-жек Геннадий Головкин мен Камил Шеремета арасындағы бокс кешінің андеркардында өткен болатын. Али Ахмедовтің кәсіпқой бокстағы шаруасымен GGG Promotions компаниясы айналысады.