Әлемді алдаған әйел. «Крипто-ханшайым» қайда жасырынған?
Әлемді алдаған әйел. «Крипто-ханшайым» қайда жасырынған?
149
оқылды

Ружа Игнатова өзін «крипто-патшайым» деп атады. Ол биткоинмен бәсекеге түсетін криптовалюта ойлап тапты және миллиардтаған доллар инвестиция тартты деп бағаланды. Алайда, екі жыл бұрын ол жоғалып кетті, – деп жазады bbc.com.

2016 жылдың шілде айының басында 36 жастағы кәсіпкер Ружа Игнатова «Уэмбли» стадионының сахнасынан жиналған көпшілікке «дәріс» оқыды.

Ружа Игнатова өзінің OneCoin жобасын көп ұзамай «әлемдегі ең сәтті криптовалюта» болатынын айтатын.

Биткоин ең алғашқы криптовалюта болды және әлі күнге дейін ең танымал және сәттісі саналады. 2016 жылы оның құны бірнеше центтен бірнеше жүз долларға көтерілуі инвесторлар арасында дүрбелең тудырды. Криптовалюта жаппай айналысқа түсті және көптеген адамдар байып кетудің жаңа мүмкіндігіне қызығушылық танытты.

«OneCoin – бұл «биткоинді өлтіруші», – деп мәлімдеді Ружа Игнатова, «екі жылдан кейін барлығы биткоин туралы ұмытып кетеді», – деді ол «Уэмбли» стадионының сахнасында тұрып.

Ол әрқашан қымбат киінетін. Ол тек бриллиант сырға тағып, ашық қызыл ерін далабын қолданатын дейді көргендер.

патшайым 2.jpg
 

Бүкіл дүние жүзінде адамдар осы жаңа революцияның бөлігі болу үшін өз жинақтарын «крипто-патшайымға» және OneCoin-ге салуға дайын болды.

Би-Би-Си 2016 жылдың бірінші жартысында британдықтар OneCoin-ге шамамен 30 миллион еуро инвестициялағанын жазады. Бұл жоба бір апта ішінде екі миллионға жеткен. Игнатованың «Уэмбли»-дегі сөзінен кейін инвесторлар көбейе түскені анық еді.

2014 жылдың тамызынан 2017 жылдың наурызына дейін OneCoin бірнеше елден – Пәкістан, Бразилия, Норвегия, Гонконг, Канада және Йеменнен 4 млрд еуро жинады. Инвесторлар Палестина территорияларында да табылды.

2017 жылдың қазан айында Лиссабонда инвесторлар мен валюта промоутерлерінің үлкен жиналысы өткізілуі керек еді. Алайда, Ружа ханым бұл кездесуге келмей қалады.

«Ол келмекші болатын, оның неге жоқ екенін ешкім түсінбеді» дейді конференцияға қатысушылардың бірі. Қоңыраулар мен хабарламалар жауапсыз қалды. Софиядағы бас кеңсе де ештеңе білмеді. Ружа Игнатова жоғалып кетті. Біреу оны өлтірді немесе банк жүйесінің агенттері ұрлап кетті деп күдіктенеді.

Шын мәнінде, Ружа жасырынған. ФБР-дің 2017 жылғы 25 қазандағы сот барысында ұсынған құжаттарынан көрініп отырғандай, ол ешқашан келмеген Лиссабон конференциясынан екі аптадан кейін Ружа Софиядан Афиныға ұшаққа отырғаны туралы дерек бар. Осыдан кейін оның ізі жоғалады. Оны басқа ешкім көрмеген.