Елбасы Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады
Елбасы Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады
114
оқылды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы боксшы Геннадий Головкинді Камил Шереметамен жекпе-жектегі жеңісімен құттықтады.

«Осы жеңіс арқылы сен өз дивизионыңда 21-рет әлем чемпионы атанып, қазақстандық және әлемдік бокс тарихы жылнамасының жаңа парағын аштың. Бұл барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік күніне орай тамаша сый болды. Біз сенің спорттағы жарқын жетістіктеріңді, мықты рухыңды және жеңіске деген жігеріңді мақтан етеміз! Сенің жеңімпаз ретінде өз жолыңды жалғастыратыныңа сенімдімін және сенің жетістігіңе әлі талай сүйсінетін боламыз», – делінген жеделхатта.