«Altyn Samǵaý-2019». Үздік спортшылар мен шоу-бизнес өкілдері бас қосады
«Altyn Samǵaý-2019». Үздік спортшылар мен шоу-бизнес өкілдері бас қосады
119
оқылды

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті «Altyn Samǵaý-2019» атты ерекше жоба ұйымдастыруда. «Altyn Samǵaý-2019» ұлттық жүлдесі 30 қараша күні «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді. Үздік спортшылар мен танымал жұлдыздар бір сахнада жүздеседі.

Биыл бірінші рет #teamKZ-тің адал жанкүйерлері спорттық жүлдеге қатысып, құрама мүшесі атанады және сүйікті спортшыларымен қауышуға мүмкіндік алады.

Марапаттау рәсімі «Ninety One», НаZима, «Молданазар» тобы, Say Mo, Қуандық Рахым және басқа да отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтеді.

Үздік спортшыларды анықтау форматы өзгеріссіз, әдеттегідей, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында дауыс беру арқылы анықталады.

15 қарашадан бастап ҰОК ресми сайтында барлық үміткерлердің 2019 жылғы жетістіктері көрсетіліп толық ақпарат ұсынылған.

Еске сала кетейік, «Altyn Samǵaý-2019»  спорттық жүлдеге паралимпиадалық спорт түрлерінің өкілдері де қатысады.

Аяулым Әлсейітова



спорт 2.jpg