Екі әйел астаналықтардың 157 миллион теңгесін жымқырған

Екі әйел астаналықтардың 157 миллион теңгесін жымқырған

Елорданың полиция департаментіне 2020 жылдың сәуір айында 45 және 65 жастағы екі әйелдің үстінен ұжымдық арыз жазылған.

Олар мессенджерде топ құрып, қолданушыларды ортақ чатқа шақырып, биржадан тез ақша табуға уәде берген. Алайда 70-ке жуық адам алданып қалған екен. Азаматтарға келтірілген  жалпы залал 157 миллионнан астам теңге шықты.

"Қазіргі кезде айыпты екі әйел сотталды, -делінген хабарламада. Осыған байланысты полиция қазақстандықтарды қаржылық пирамидаларға жоламауды ескертеді.

Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар көбінесе шет елдердің азаматтары. Әр түрлі схемаларды ұйымдастыру және әзірлеп әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырады. Бұл ретте белгілі «Forex», «Advacash», «Teletrade» және басқаларының логотиптері қолданылады. Бірақ тергеу көрсеткендей, бұл компанияларға ешқандай қатысы жоқ. Ал қазақстандықтардың салымдары шет елдерге кетеді.