Зейнеткер өз немересін зорлады деген күдікке ілінді
Зейнеткер өз немересін зорлады деген күдікке ілінді
181
оқылды

 KzNews.kz-тің жариялауынша, 13 желтоқсанда Өзбекстанның Сырдария облысына қарасты Хавас аудандық ішкі істер басқармасы «Кахрамон» ауылындағы бір тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғады.

Зейнеткер бес жастағы немересін зорлады деген күдік бар.

Өзбекстан бас прокурорының орынбасары Светлана Артықованың хабарлауынша, істі бас прокуратура жіті бақылауға алған. Өзбекстанның балалар омбудсмені Әлия Юнусова да істі бақылайтынын жеткізген. Қылмыстық іс аясында сот-медициналық сараптама тағайындалған. Бес жастағы қыз психологпен сөйлескен. Психолог қыздың сексуалды зорлық құрбаны болғанын растады. Сырдария облыстық прокуратура күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алып қойған.  Туыстарының айтуынша, жасаған ісіне өкінген зейнеткер 15 желтоқсанда өз-өзіне қол салмақ болған, бірақ аман қалған. Бұның алдында Сырдария облысының тұрғыны бес жастағы қызын туған атасы зорлағаны туралы айтып, биліктен араша сұраған. Бұл видео әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.