Халықтың 21 пайызы кітап оқымайды (видео)

Халықтың 21 пайызы кітап оқымайды (видео)

Қазақстандағы кітап нарығының 90 пайызы ресейлік көркем әдебиеттен тұрады.

Шынында да, елдегі кітап нарығы шетелдік өнімге лық толы. Оның 65-90 пайызы ресейлік басылымға тиесілі. 10 пайыздан 35 пайызға жетер-жетпесі ғана қазақстандық басылымдар. Онда да көркем шығарманың 90 пайызы ресейлік өнім екен.

ISBN агенттігінің анықтауынша, елімізде 1813 баспа тіркелген. Кітап палатасына былтырғы жылдың өзіне тек 687 көркем әдебиет пен 2 246 оқулық түскен.

Бір қызығы, осы жылдың наурыз айында Picodi.com атты халықаралық компания әр елдің қаншалықты кітап оқитынын анықтауға сауалнама жасаған. 

Нәтижесінде, Қазақстан халқының 21 пайызы кітап оқымайтыны анықталған.

https://youtu.be/qrzjbRAcKu8