Маска тақпаған президентке айыппұл салынды
Маска тақпаған президентке айыппұл салынды

Маска тақпаған Чили президентіне айыппұл салынды. Бұл туралы Вальпараисо аймағының Денсаулық сақтау министрлігі Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Чили Президенті Себастьян Пинераға қоғамдық орында маска тақпағаны үшін 2,5 миллион песо (шамамен 3,5 мың доллар) айыппұл салынды. Бұған дейін елдегі резонанс  - Чили Президенті жағажайда бейтаныс қызбен бетпердесіз селфи жасаған  кадрдың желіде пайда болуынан туған еді.