Еліміздің алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабаралайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. 20 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында қар жауып, бұрқасын болады. Сондай-ақ Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында қар жауады, кей жерлерде бұрқасын, тұман, солтүстік, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады. 20 желтоқсанға қараған түні Түркістан облысы мен Шымкент қаласының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 20 желтоқсанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман түсуі ықтимал.