Үгіт-насихат науқаны – маңызды кезең

Үгіт-насихат науқаны – маңызды кезең

Үгіт-насихат жұмысы – кез келген сайлаудағы маңызды кезең. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, кандидаттардың және олардың сенімді өкілдері арқылы сайлаушылармен онлайн және офлайн кездесулер, қоғамдық қабылдаулар, үнпарақтар тарату жұмыстары осы маңызды кезеңде жүзеге асады.

«Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» атты ұранмен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқан «Nur Otan» партиясы маңызды кезеңде өте белсенді жұмыс атқарып жатыр. Осы орайда 19 желтоқсанда облыстық мәслихат депутатына үміткер Киікбай Ешманов пен Ақтау қалалық мәслихат депутатына үміткерлер Ерген Сыражанов және Мұратбек Досжанов сайлаушылардың үйлеріне арнайы барды. «Партияның сайлауалды бағдарламасы биылғы науқанға орай әрбір өңірге жеке дара әзірленді. Бағдарлама жасақталмас бұрын осыған дейін ұйымдастырылған праймеризде халықтан түскен өтініштер ескерілді, оған қоса жергілікті әкімдікпен жиындар ұйымдастырылып, өңірде дамытуды қажет ететін салалалар бойынша жұмыстар қамтылды. Бір сөзбен айтқанда бағдарлама сарапталып, талқыланып, даму, өрлеу қағидасын ұстанады. Барлық саладағы жетістіктерімізді әр қазақстандықпен көргіміз келеді», – деді кандидаттар тұрғындармен кездесу барысында. Үміткерлер канвассинг барысында «Ақтау қаласының құрметті азаматы» атанған «Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалы жанындағы ардагерлер тобының жетекшісі Ерімбет Әділұлы Жаңбыровтың үйіне арнайы барып, еңбегі үшін алған марапатымен құттықтап, партияның игі жұмыстарымен таныстырды. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған басты бағыттарына тоқталды. «Nur Otan» партиясы ең алдымен мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға күш салатынын, инфляция деңгейін ескере отырып, әлеуметтік төлемдерді индекстеу жүргізетінін атап өтті. Әлеуметтік көмек көрсетудің тәсілдерін біріздендіруге, оның ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірыңғай әлеуметтік кодексті әзірлеу жоспарда бар екенін де баяндады. Кездесу соңында депутаттық мандатқа үміткерлер көпке үлгі болар «Құрметті азаматтың» батасын алып, отбасымен сайлауда белсенділік танытуға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысы Ақтау қалалық Сайлау қоры қаражатынан төленді