Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 8 млрд теңгеден астам ақша салған
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 8 млрд теңгеден астам ақша салған
131
оқылды
Азаматтар қаржы пирамидаларына 8 млрд теңгеден астам ақша аударған. Бұл туралы AstanaTV хабарлады. Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде қаржы пирамидаларына алданған азаматтар саны 40 мыңнан асады. «Алаяқтар аз уақыт ішінде үлкен сома беретіндерін айтып азаматтарды өздеріне сендіреді. Десе де, келісім бойынша жұмыс атқарылмайды. Артынан адам тіркеу, қомақты пайда табу, төменгі процентпен баспана беру туралы уәде етеді. Дәл осы белгілер арқылы қаржылық пирамидаларды анықтауға болады», – деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бас маманы Дмитрий Акмаев. Сондай-ақ жеке табыстан бөлек, елімізде азаматтарға арзан бағада баспана алуға уәде беретін тұрғын үй кооперативтерінің саны артқан.