ADAL партиясы өкілдерінің, Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың өңір тұрғындарымен кездесу өткізудегі мақсаты – халықты қолдауға қатысты нақты ұсыныстар мен өзекті мәселелерді назарға алу.
Бүгін Олжас Ордабаев, Ақмарал Бекмұрзаева және партия хатшысы Нұрлыбек Мұқанов Қостанай қаласының тұрғындарымен кездесті. Әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өткен кездесу барысында Олжас Ордабаев партия бағдарламасы мен сайт туралы хабардар етті. Сайт аналитикасын пайдалана отырып, Олжас Ордабаев смартфон арқылы қала мен облыстың басты проблемалары туралы қалай білуге болатынын көрнекі түрде көрсетті. Тұрғындар бірқатар мәселені айтты: ауыл шаруашылығы жерлерінің жетіспеуі, фермерлерге техниканың жетпейтіні, коммуналдық желілердің тозғаны. Сондай-ақ тұрғындар ыстық суды өшіру мәселесін де атап өтті.
– Бізде жыл сайын жазда осылай болады. Жаз бойы сусыз отырамыз. Бұл дұрыс деп ойлайсыз ба? – деді кездесуге қатысушы.Заречный ауылының тұрғындары нашар инфрақұрылым мен көлік жұмысы туралы айтты. «Жарық жиі өшеді. Бір ғана автобус жүреді. Бұл жақтан шығу қиын. Ауыл үлкен, тұратын адамдар көп. Бізде жарық, су, интернет жоқ. Бұл – қалыпты жағдай емес», – дейді ауыл тұрғыны.
Олжас Ордабаев ТКШ жүйесіне және бюджеттің тиімсіз жұмсалуына көптеген өңір тұрғындары шағымданатынын түсіндірді. Партия бюджетті қайта бөліп, тұрғындарды осыған тарту керек деп санайды. Қызылордадағы кездесулер де мазмұнды болды. Іс-шараны Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Ардақ Назаров, Мақсат Толықбай, Алмасбек Садырбаев, Дәулет Мұқаев жүргізді. Алмасбек Садырбаев азаматтарға несие беру туралы азаматтардың өтінішін қорыта келе былай деді: «Парадокс мынада: адамдар тұрмыстық техниканы сатып алу үшін несие алуға жүгінген кезде, Ұлттық Банк мұндай мүмкіндікті береді. Ал тұрғын мал шаруашылығын дамытуға ақша алғысы келгенде, олар одан бас тартып, депозит талап етеді. Бұл біздің ауыл шаруашылығымыздың нашар дамығанының бір себебі».Жергілікті тұрғындар тегін медицина, білім беру жүйесі – университеттердегі практикалық сабақтардың 60%-ға дейін ұлғаюы, баспана алғысы келетіндерге нақты көмек ретінде сертификат беру мәселесін көтерді. Қызу пікірталас ауыл шаруашылығы жерін беру мәселесінен туындады.
ADAL партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Лаззат Шыңғысбаева Алматы облысы Үшарал қаласының тұрғындарымен кездесті. Партия міндеттері туралы білген тұрғындар оларды не мазалайтыны туралы айтып берді. Б.Ермекова «Пандемияға байланысты наурыз айынан бастап бізге дұрыс жұмыс істеуге рұқсат берілмейді. Біз шығынға ұшырап отырмыз. Неліктен мемлекет бір уақытта бизнеске аз болса да көмектеспейді?» деп шағымданды.