Ер адам Алматы метросының рельсіне құлап кетті
Ер адам Алматы метросының рельсіне құлап кетті

Алматыда бір адамның метро рельсіне құлап кеткен видеосы шықты. Ол өзін жайсыз сезініп, есінен танып, теміржолға құлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz метроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метро жолаушысының оқиғасы 27 қараша күні кешкі жетіде Байқоңыр станциясында болған. Бақылау камерасы түсірген кадрда жас жігіттің қалай есінен танып, метро жолына құлап түскені көрінеді. Осы кезде станцияға пойыз келе жатқан. Станця аялдамасында тұрған адамдар жүргізушіге белсенді түрде дабыл беріп, пойызды тоқтата алды. Содан кейін адамдар құлап кеткен жігітті рельстен алып шыққан.

«Электрмен жабдықтау диспетчері рельстегі электр кернеуін дереу ажыратып тастады. Жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетілді, жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Жолаушы өміріне қауіпті жарақат алмаған», – деді метро баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Алматы метросының баспасөз қызметі рельстердің 825 вольтты кернеу астында екенін айтты. Барлық станцияларда және электрлік жылжымалы құрамдарда жолаушыларға платформаның шетіне жақын тұру қаупі туралы ескерту жасалады.

https://youtu.be/zD5IoIz74zM