Желіде шу тудырған суреттің қайда түсірілгені белгілі болды
Желіде шу тудырған суреттің қайда түсірілгені белгілі болды
Әлеуметтік желіде ер адамның барысты ұстап тұрған суреті талқыланып жатыр. Сурет қазақстандық пабликтерде жарияланды. Белгілі болғандай, оқиға Қырғыз Республикасында болған. Әлеуметтік желі қолданушылары Қызыл кітапқа енген жануардың өліміне кінәлілерді тергеуге және жазалауға шақырды. Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осы жарияланымға қатысты түсініктеме берді.
"Бұл өте қорқынышты және мұндай әрекеттер үшін қатаң жаза қолданылуы тиіс", – деп атап өтті Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Самал Ибраева