Қытай Трампқа Гонконгтың Демократиясы туралы заңына қатысты жауап беретінін ескертті
Қытай Трампқа Гонконгтың Демократиясы туралы заңына қатысты жауап беретінін ескертті

Қытай Вашингтонға егер АҚШ Гонконгтағы үкіметке қарсы наразылықты қолдаса, «қарсы қатаң шаралар» қабылдайтынын ескертті, – деп жазады bbc.com.

Алдында ғана президент Дональд Трамп осы сәттен бастап күшіне енген адам құқығы және демократия туралы заңға қол қойған болатын. Аталған америкалық заң Гонконгтың жыл сайынғы автономды мәртебесін тексеруді қарастырады, сондай-ақ, Гонконқа Америка Құрама Штаттарымен ерекше қарым-қатынас режимін ұсынады.

Дәл қазір АҚШ пен Қытай арасында Америка Құрама Штаттарында Қытай тауарларына жоғары тарифтердің енгізілуінен туындаған сауда қақтығысын еңсеру үшін келіссөздер жүргізілуде.

ҚХР сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде АҚШ «мекемелерді қиратып, өрт шығарған, жазықсыз азаматтарға шабуыл жасаған, заңға құрмет көрсетпейтін және қоғамдық тәртіпті бұзатын қылмыстық элементтерді» ашық түрде қолдайды деп айтылған.

АҚШ-тың жаңа заңы әкімшіліктен Пекиннің Гонконгқа қатысты әрекеттерін үнемі қадағалап отыруды талап етеді. Вашингтон егер Қытай өз тұрғындарының құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаса, Америка Құрама Штаттарымен сауда жасау кезінде осы аумақтың ерекше мәртебесін алып тастай алады.

Сондай-ақ, заң Гонконг тұрғындарына Қытай билігі қудалаған жағдайда АҚШ-қа кіру визаларын алуға кепілдік береді.

Бақылаушылардың пікірінше, бұл заңның қабылдануы Қытай мен АҚШ арасындағы саудадағы қақтығысты еңсеру үшін жүргізіліп жатқан келіссөздерді едәуір қиындатуы мүмкін.

ҚХР Сыртқы істер министрлігі АҚШ елшісін шақырып, Американың Қытайдың ішкі істеріне араласуын тоқтатуды талап етті.

Гонконг үкіметі жаңа американдық заңның қабылдануына бұл заң аймақтағы жағдайды қалыпқа келтіруге ықпал етпейді деп жауап берді.

Президент Трамп бұл заңға Си Цзиньпинге және Гонконг тұрғындарына құрмет білдіргендіктен қол қойдым деп мәлімдеді.

Бұрын ол өзінің твиттерінде Гонконг тұрғындарымен ынтымақтасатынын және Си Цзиньпинді «керемет жігіт» деп жазған.

Дегенмен, Демократия туралы заң АҚШ Конгресіндегі пікірсайыс кезінде үлкен қолдауға ие болды, тіпті егер президент оған вето қоятын болса, онда ол екінші пікірсайыс арқылы өтуі мүмкін еді.

Президент сонымен бірге Гонконг полициясына қару-жарақ, оның ішінде көзден жас ағызатын гранаталар, резеңке оқтар және мылтықтармен қамтамасыз етуге тыйым салатын екінші заңға қол қойды.

«Бұл заңдар Қытай мен Гонконгтың басшылығы мен өкілдері олардың арасындағы келіспеушіліктерді бейбіт түрде шеше алады, бұл бәріне ұзақ мерзімді бейбітшілік пен өркендеуге алып келеді деген үмітпен қабылданды», - деді президент Трамп.