Кәсіп бастағандарға несие беріледі
Кәсіп бастағандарға несие беріледі
103
оқылды

Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Шаутай Тілеуберген Құдарбергенұлы, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Патима Маханбет, Насырбек Мырзабеков, Бекжан Бәкір, Ғалымжан Әлтаев, Серік Мүліков аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кандидаттар тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламада алға қойған мақсат-міндеттерін жеткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесуде ауданға қатысты маңызды мәселелер айтылып, көптеген ұсыныстар талқыланды. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуда және әл-ауқатын арттыруда шағын және орта бизнес маңызды рөл атқарады. Партияның  мақсаты кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. – Жыл сайын «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасымен 15 кәсіпкерге пайыздық мөлшерлемесін субсидялауға және бизнесін жаңадан бастаушы азаматтарға грант ұсынуға, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жыл сайын жаңа 5 жобаларды несиелендіруге, кәсібін кеңейтуге, қызмет көрсету саласына ықпал етеді. Осы шаралар арқылы 2025 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесін 93,5%-ға жеткіземіз, – деді Шаутай Тілеуберген. Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді Әбдірахманов: – Партия халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет етіп жатыр. Партияның бағдарламасы Шиелі ауданын кешенді дамытуға бағытталғанын біліп қуанып қалдық. Ауданымыздың бәсекеге қабілетті экономика және өмір сүру үшін жайлы аумақ болуына «Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде игі жұмыстарын жалғастырады деп сенеміз. Аудандық мәслихат сайлауында «Nur Otan» партиясын қолдаймыз, – деп пікір білдірді. «Ауыл тұрғындары партияның «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» жобаларымен жақсы таныс. Партияның араласуымен түрлі проблемалар өз шешімін тауып келеді. Игі жобалар алдағы уақытта жалғасын табатынына сенімдімін. Сайлаудың үгіт жұмыстарына сәттілік тілеймін», – деді кездесуге қатысқан Талаптан ауылдық округінің әкімі Амангелді Өмірәлі. Шара барысында зауыт жұмысшылары үміткерлерге сәттілік тіледі.  Үміткерлер 10 қаңтарда өтетін сайлауға шақырып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге үгіттеді.

«Nur Otan»  партиясы  Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.