"Астана" "Манчестер Юнайтедтің" қақпасына 2 гол соғып, жеңіске жетті (видео)
"Астана" "Манчестер Юнайтедтің" қақпасына 2 гол соғып, жеңіске жетті (видео)
5,150
оқылды

"Астана" өз алаңында "Манчестер Юнайтедті" қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

1 таймда Джесси Лингард алыстан шірене теуіп, есепті ашқан болатын. "Астана" қанша тырысқанмен алғашқы таймда қарсылас қақпасының саңлауын таппады.
Екінші таймда Григорчук шәкірттері ойынға жаңа леппен еніп, шабуылын үдете түсірді. Көп күттірмей нәтиже өз жемісін берді. Алдымен Дмитрии Шомко 55 минутта есепті теңестірді. 62 минуттағы Бернардтың автоголы "Астана" клубына алғашқы үш ұпай сыйлады. 
Айта кетейік "Астана" бүгінге дейін топтық кезеңде 4 ойын өткізіп, төртеуін де жеңілген.