Атырауда карантиндік шектеу шаралары қайта күшейтілді

Атырауда карантиндік шектеу шаралары қайта күшейтілді

Атырау облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Амантай Жұмағалиевтың жаңа қаулысымен карантиндік шектеу шаралары қайта күшейтілді.

Бас санитар дәрігердің №71 қаулысында: «Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық немесе өзге де қызметпен халықтың тыныс-тіршілігіне шектеу шаралары енгізілсін. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімі облыс аумағында COVID-19 коронавирустың таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін», - делінген.

Қаулыға сәйкес, теңіз кен орнында карантиндік және шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылды. Ал өңір тұрғындарына респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық көмек 103-ке қоңырау шалу арқылы медициналық көмекке үйден жүгіну;
  • Қоғамдық тамақтану орындарында арақашықтықты сақтай отырып, 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, медициналық немесе мата бетперделерін кию міндетті;
  • Жасы 65-тен асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ қажетті тауарларды сатып алу мен медициналық мекемелерге бару болмаса тұрғылықты жерінен шықпауға ұсыныс беріліп отыр.
  • Сонымен қатар облыс тұрғындары халық көп шоғырланатын жерлерге бармауға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, бетперде тәртібін және жеке бас гигиенасын сақтауы тиіс.