Үйдің кіреберісінде зорлық әрекетін жасамақ болған ер адам видеоға түсіп қалды
Үйдің кіреберісінде зорлық әрекетін жасамақ болған ер адам видеоға түсіп қалды
131
оқылды

Шымкентте үйдің кіреберісінде зорлық әрекетін жасамақ болған ер адам видеоға түсіп қалды.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 желтоқсан күні  шамамен 23.15-те Еңбекші ауданындағы Полиция басқармасына әйел адамға көмек қажет екені туралы хабар түскен. [caption id="attachment_96380" align="alignnone" width="740"]зорлық ©Сурет интернеттен алынды[/caption] "Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы 1950 жылы туған әйелді белгісіз біреу үйдің кіреберісінде зорламақ болғанын анықтады. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының, 3-бөлігі - 120-бабының, 1-бөлігі ("Зорлау әрекеті") бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қабылданған шаралармен күдіктінің жеке басы анықталды. Ол - Шымкент қаласының тұрғыны, бірнеше рет сотталған", - деп хабарлады полиция өкілдері. Күдіктіні ұстауға қатысты барлық қажет жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция оқиға "Қазақтелеком" АҚ көмегімен үйдің кіреберісіне орнатылған камераға түсіп қалғанын айтты.