Шымкент қаласында үшем дүниеге келді

Шымкент қаласында үшем дүниеге келді

Шымкент қаласында үшем дүниеге келді. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, бұл - жыл басынан бері Шымкентте дүниеге келген алтыншы үшем.

 «Лейла, Лейсан және Луиза есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты. Жас ана қарашаның 25-сі күні 35 апталық кезінде ота жасалды. Операцияны Перинаталды орталықтың білікті акушер-гинекологы Сауле Дүйсенбаева жасады. Нәрестелердің туғандағы салмағы 1490-2490 грамм болды», - деді басқармадан.

Босанған әйел мен үшем 20 күн бойы қалалық Перинаталды орталықта, дәрігерлердің бақылауында болған. Денсаулығы жақсарған соң кеше үйлеріне шығарылды.