Месси Пеленің рекордын қайталады
Месси Пеленің рекордын қайталады

33 жастағы аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси Пеленің рекордын қайталады.

Football Espana хабарлағандай, Испания чемпионатының 14-турында «Валенсиямен» матчта «Барселона» шабуылшысы Месси гол соққан. Бірінші таймнан кейін есеп 1: 1 болған. Валенсия қақпасына соғылған бұл гол - аргентиналық капитанның Барселонадағы 643-ші гол еді. Осылайша, ол франциялық France Football журналының нұсқасы бойынша ХХ ғасырдың үздік футболшысы атанған Пеленің рекордын қайталады. Пеле - әлем кубогын 3 рет жеңіп алған жалғыз футболшы. Ол Бразилия ұлттық футбол құрамасы сапында 1958, 1962 және 1970 жылдары жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанған еді 2020 жылдың соңына дейін Барселона Испания чемпионатында Вальядолидпен (23 желтоқсан) және Эйбармен (29 желтоқсан) кездеседі.