Елордада «Тoyota Lаnd Cruiser» бойжеткенді қағып, мерт қылды
Елордада «Тoyota Lаnd Cruiser» бойжеткенді қағып, мерт қылды
90
оқылды

Кеше кешкісін елордада жол талғамайтын көлік бойжеткен қызды қағып кетті.

«19 желтоқсанда «Тoyota Lаnd Cruiser 200» көлігін тізгіндеген 53 жастағы жүргізуші Иманов көшесінен Әуезов көшесіне қарай келе жатып, бұрылыс кезінде бағдаршамнан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. 19 жастағы елорда тұрғыны алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Куәландыру нәтижесінде жүргізушінің мас болмағаны анықталып, қамауға алынды», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті таратқан ақпаратта. Ведомство мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.