«Ауыл» партиясы акция бастады
«Ауыл» партиясы акция бастады

Бүгін «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы еліміздің барлық өңірінде «Ауылдан ауылға!» атты акция бастады. Бұл жөнінде партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Акция ауылдың қордаланып қалған мәселесін анықтау мен оған билік назарын аударуды көздейді. Өкінішке қарай ауылдың 76 пайызында әлі күнге жұмыссыздық мәселесі шешілмеген. 524 ауылдың тұрғындары таза ауыз сусыз отыр. «Балалар – жарқын болашағымыз» деген елдің 2102 ауылында балабақша жоқ. «Ауыл» партиясының Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлері және облыс, қалалық, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттары «Ауылдан ауылға!» акциясына қатысып, ауылдың хал-жағдайына қарап жаны ауырған еліміздің әр тұрғынын толғандырған сантүрлі мәселені қозғап, оның шешілу жолдарын елдімекен тұрғындарымен бірге талқылайды. Аталған акция аясында кандидаттар, партия мүшелері, жастар арнайы безендірілген көлік керуенімен ауылдарға аттанады.

Тұмар МЫРЗА