"Балқадиша" әнін орындаған зор дауыс иесі қойшы емес, кәсіби әнші болып шықты – видео
"Балқадиша" әнін орындаған зор дауыс иесі қойшы емес, кәсіби әнші болып шықты – видео
282
оқылды
Әлеуметтік желі қолданушылары домбырамен Ақан серінің "Балқадиша" әнін нақышына келтіре орындаған адамды «қойшы екен» деп жарыса жазған еді. Алайда  dalainform-ның хабарлауынша, өнер иесінің әріптестері елдегі облыстардың бірінде мал бағып жүріп, тойда ән айтты деген адамның «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымы «Халық қазынасы» бөлімінде істейтін дәстүрлі әнші, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Денисламбек Жайлаубай екенін жазған. https://www.youtube.com/watch?v=vbstsIGZEto&feature=emb_logo&ab_channel=QASSAQKOKJAL