Қайта түлеген Түркістан
Қайта түлеген Түркістан

Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Түркістан қаласының облыс орталығы болғанына бір жылдан аса уақыт өтті. Тарихи Жарлықтан соң Түркістан күннен-күнге түлеп, көркейіп жатыр. Бүгінде қала құрылысы қарқынды жүріп жатқан алып шаһарға айналған. Қалада заманауи құрылыс нысандарының еңсесі бой көтеріп, алды жақын күндері пайдалануға берілуге де дайын тұр. Міне, осындай жанданып, жаңарып жатқан қаланы дамытуда еліміздің маңдайалды алып компанияларының бірегейі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның қолтаңбасы қалып жатыр.

«Самұрық-Қазына» киелі шаһардың дамуына атсалысты

Облыс орталығының Түркістанға көшірілуінде үлкен мән бар. Бірін­шіден, Түркістан ғасырлар бойы Қа­зақ хандығының астанасы болды. Екіншіден, қала тоғыз жолдың то­рабында орналасқан. Ежелгі Ұлы Жі­бек жолының бойында қоныс те­буінің өзі бұл шаһардың стратегия­лық маңызы зор екенін білдіреді. Сол себепті Түркістанды Түркі әле­мінің рухани әрі мәдени астанасына ай­нал­дыру мүмкіндігі мол. Атап айтқанда, киелі қала облыс орталығы ғана емес, халықаралық дәрежеде танымал қа­ла­ға, Түркі әлемінің ғы­лымы мен мә­­дениетінің ірі орталы­ғына айналады.

Тарихи Түркістанды қайта түле­туді ғасырдың ең жағымды жаңа­лығына санаған жұрт Елбасының бұл шешімін дер кезінде қолға алынды деп, оған қолдау көрсетуде. Сол се­бепті Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырма­сы­мен Түркістанды дамыту мақсатында бүгінде қыруар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы тұрғыда Елбасы еліміздің Үкіметінен бастап барлық басқ­а­рушы ком­панияларға Түркістанды дамытуға атсалысып, жұмыла кірісу қажеттігін айтып, тапсырма берген еді. Осыған орай, әрбір өңірлер мен ірі компа­ниялар Түркістанда құ­рылыс жұ­мыстарын бастап кеткен болатын. Сол сәттен бастап «Са­мұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ да өз үлесін қосып жатыр.

Құрылыс жұмыстарымен таны­суға келген қордың басқарма төра­ғасы Ахметжан Смағұлұлы тарихи Түркістанның дамуы үшін салып жатқан ірі жобаларды аралап көрді. Атап айтсақ, қор Түркістанда Оқу­шылар сарайын, 7 000 орындық ста­­дионды, Конгресс орталығын, Қ.Ясауи мұражайы мен амфитеатрды салып жатыр. Қордың пәрменімен салынып жатқан барлық нысан Түркістан үшін өте маңызды.

Сол сапар барысында Ахметжан Есімов пен облыс әкімі Өмірзақ Шө­кеев ынтымақтастық туралы Мемо­рандумға қол қойды. Оған Түркістан облысын газдандыру, энергетика ке­шені мен электронды сауда мен пош­та желісін дамыту, ақпараттық-ком­муникациялық инфрақұрылым­ды дамыту, Smart City дамыту және облыста әлеуметтік нысандарды салу сияқты 9 бағыт кіреді. Жоба ақылды қала (Smart City) Арыс және Түркіс­тан қалаларын сервистік үлгі бойын­ша дамытуға арналған. Осы бағдар­лама аясында қор Түркістан облы­сындағы 97 мектеп пен ауруханаға де­­йін талшықты-оптиалық байланыс желісін және радиожелілерді салуды және Арыс қаласындағы 12 мектепте, 2 ауруханада, 2 балабақшада 400 бейнебақылау камераларын және 50 WiFi нүктесін ұйымдастыруды қам­та­масыз етеді. Сондай-ақ алдағы уа­қыт­та қуаты 220кВ жаңа қосалқы стан­саның құрылысы да жүзеге ас­пақ, оған кернеуі 110 кВ жергілікті та­ра­ту электр желісі қосылатын болады.

«Қазіргі таңда Түркістанда қор компанияларында 19 мыңнан аса қызметкері бар 20 кәсіпорын мен филиал жұмыс істейді. Электроэнер­гетика, газ, пошта, ақпараттық ком­му­­никация және экономиканың бас­қа да салалары бойынша қор бірнеше жобаларды жүзеге асыруда», – деді қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов екі тараптың кездесуінде.

Меморандумның басым бөлігі сатып алу мәселесіне, атап айтқанда импорт алмастыру және жергілікті қамтуды дамытуға арналды. Қор ұзақмерзімді келісімшарттар жасасу арқылы Түркістан облысында жаңа өндірістерді құруды көздейтін жо­баларға қолдау көрсетеді және жәр­дем көрсетеді. Әкімдік өз тарапынан жаңа өндірістер құру бойынша жо­баларды іріктеуді қамтамасыз етеді, соның ішінде МЖС арқылы қамтамасыз етіледі.


Мәселен, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның қолдауымен киелі ша­һардың рухани орталығында са­лы­нып жатқан құрылысы ағымдағы жыл­дың ақпан-сәуір айларында бас­­талған Қ.Ясауи мұражайы келер жылдың маусым айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Ны­сан­ның аумағы – 3-2 000 шаршы метр.

Бүгінде рухани орталықтың құрылысында 60 құрылысшы жұмыс істеп жатыр. Қазір құрылыс жұмыс­тарының шамамен 55 пайыздан астамы аяқталыпты.

Жалпы «Қ.Ясауи мұражайы» жобасы Dome Extreme компаниясы орындаған жоба тұжырымдамасына сәйкес әзірленді. Мұражай ғимара­тының үлгісі мен дизайны Ясауи ба­бамыздың өмір-тіршілігінен мағ­лұмат беретін туынды. Ол ислам дінін терең зерделеп, терең талдап, аса маңызды діни хикметтер мен философиялық мәні бар өлеңдер жазды. Мұражай ғимаратының қас­беті қағбаға қарай бағытталған.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның тағы бір Түркістанға тамаша тар­туының бірі ол жаңа қаланың әкім­шілік-іскерлік орталығы аума­ғын­да бой көтеріп жатқан 7 мың адам­дық орынға лайықталған стадион.

Болашақта олимпиадалық ойын­дар деңгейіндегі спорттық жатты­ғуларға қызмет көрсете алатын мүм­кіндігі бар, яғни УЕФА талап­тарына жауап беретін 7 мың адамдық орынға лайықталған стадионның құрылысы қызу жүріп жатыр. Жоба осы жылы ақпан айында басталған. Айталық, құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан компания Bi Construction Turkestan ЖШС-нің жоба жетекшісінің орынбасары Еркебұлан Әбікеев бүгінде 160 адам жұмыс істеп жатқанын және оның басым бөлігі жергілікті құрылысшылар екенін айтты. Бүгінде құрылыс жұмыста­ры­ның 30 пайыздан астамы аяқталған. Ай­туынша, ауа райы құрылыс жұ­мыс­­тарын жүргізуге ыңғайлы бол­ған­дықтан жоба уақытында тапсы­ры­лады. Стадионның жалпы аумағы – 8,3 га. Нысан келер жылдың жел­тоқ­сан айында ел игілігіне беріледі.

Ал стадионның іргесінде зама­науи талапқа сай салынып жатқан Оқушылар сарайы болашақта бала­ларды қосымша оқытуға және жалпы дамыту мақсатында жұмыстар атқа­ратын болады. Сарай іске қосылғанда мыналарды қамтиды: зертханалары бар экологиялық-биологиялық мұ­ражай, сәндік-көркем блок үй-жай­лары (кескіндеме және сурет шебер­ханалары, мүсіндер, киім құрастыру, ағаш ою, өнер тарихы кабинеті), киностудия үй-жайлары (түсіру павильондары, грим жасайтын бөл­ме, студиялар) болады. Ал екінші қабатта бизнес-инкубатордың үй-жайлары, оқу сыныптары (матема­тика, физика, химия, биология, гид­ропоника, тарих), 400 орындық концерт залы, 40 орындық плане­тарий, астрономиялық мұражай, музыкамен айналысуға арналған сы­ныптар орналасады. Үшінші қа­батта 3D және радиотехникалық модельдеу кабинеттері, бизнес ин­ку­­батор сыныптары, нанотех­ноло­гия­лар, биотехнологиялар, робо­тех­ника кабинеттері, бимен айналысуға арналған бөлмелер болады. Сондай-ақ мұнда обсерватория үй-жайлары орын тебеді. 


Бүгінде оқушыларға арналған сарайды салуға 120-150 құрылысшы жұмысқа тартылған. Құрылысты жүр­гізіп жатқан бас мердігер «СК» Құлагер» ЖШС компаниясының қызметкері Қасымхан Қойшы­баевтың мәліметінше, ағымдағы жылдың наурыз айында басталған құрылыс жұмысы бүгінде қарқын алған және келер жылдың қараша айына дейін бітірмек. Бүгінде 30 пайызға жуық жұмыс жүргізілген.

Түркістан үшін жоғары дәре­жедегі саяси, мәдени іс-шараларды ұйымдастырып, өткізу үшін сәулеті жұртты тамсандыратындай келбетті ғимарат керек. Бұл жауапты істі де қор қалт жібермей, қолға алып отыр. Атап айтқанда, әкімшілік-іскерлік аумақта салынып жатқан Түркістан облысындағы жалғыз көпфунк­цио­налды кешен – Конгресс орталығы. Яғни, жобаның негізгі мақсаты – музыкалық-эстетикалық тәрбие беру, жоғары көркем шығармашылық бағдарламалар мен нөмірлерді жасау үшін жағдай жасау, кәсіби көркем ұжымдар мен жеке орындаушы­лар­дың концерттерін ұйымдастыру, музыкалық-ағартушылық қызметті жүзеге асыру, форумдар, конгрестер мен event-туризмдік шараларды өткізу платформасы.

Пайдалануға бергенде Конгресс орталықта концерт залы (қоғамдық-саяси және мәдени ойын-сауық іс-шаралары үшін) 1 000 адамдық, 400 орындық банкет залы, және 1 900м2 көрме алаңдары болады. Сондай-ақ туризм саласын дамытуға да бұл орталықтың пайдасы шаш етектен.

Конгресс орталығындағы құры­лыс жұмыстарды құрылыс саласында әлемдік деңгейдегі компания және елімізде ең ірі ғимараттарды салып жүрген B&S contractors ЖШС компаниясы жүзеге асырып жатыр. Бүгінде жұмыстың 50 пайыздан астамы аяқталған. 160 құрылысшы жұмыс істеп жатқан бұл нысан келер жылы маусым айында пайдалануға берілмек. Мұнда негізінен халыққа тікелей қызмет атқаратын болған­дықтан, келбетіне ерекше мән бері­луде. Айталық, әсіресе сырт көрінісі жақсы болу үшін сапалы құрылыс материалдары пайдаланылады.

Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның тағы бір тартуы Оты­рар шағынауданындағы 160 квар­талда жалпы аумағы 1,2 гектар жерге салынып жатқан сандық жүйеде жұмыс істейтін «Қазпошта» ғима­ра­ты. Бұл нысанда «Қазпошта» АҚ Түр­кістан облыстық филиалының әкім­шілік қызметкерлері орнала­сатын болады. Бірінші қабатта ауданы 50 шаршы метр «сандық кеңсе», орталық операциялық аумақ (клиенттерге қызмет көрсету), пош­тамен жіберу супермаркеті (халыққа пошта арқылы зат алу бойынша өзі­не-өзі қызмет көрсету), пошта жөнелтімдерін сұрыптау, облыстық филиалдың бас кассасы орналасады. Екінші және үшінші қабатта облыстық филиалдың әкімшілік қызметкерлері болады.


«Жаңа – Арна Құрылыс» ЖШС құрылысын жүргізіп жатқан Қаз­пош­таның құрылысы ағымдағы жылдың мамыр айында басталып, аяқталуы келер жылы қазан айына жоспарланған. 3 600 шаршы метрді құрайтын ғимаратта бүгінде 100 шақты адам құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ал қордың тарапынан салынып, бүгінде пайдалануға дайын тұрған Амфитеатрдың ғимараты қаланың на­ғыз тарихи орталығы, яғни ЮНЭСКО-ның тарапынан қатаң кү­зе­тілетін Қожа Ахмет Ясауи ке­сене­сінің қорық аймағына жақын орна­ласқан. Бұл ғимарат түрлі ойын-сауық іс-шараларын, концерттер, фес­тивальдер мен ашық аспан ас­тын­да конкурстар өткізуге мүмкіндік береді. Амфитеатр ғимаратының Қожа Ахмет Ясауи мешітінің тарихи ескерткішіне жақындығы ғимарат­тың сыртқы кел­бетіне әсер береді. Яғни, қабырға­лар­дың әрлеуінде мешіт қабырғаларымен сынасатын табиғи тас, пішіні мен түсі бойынша пайдаланылды. Жоспардағы амфи­театрдың ғимараты спираль тәрізді сопақ пішінді болады. Ғимарат нысаны мен оның қызықты толқын тәрізді шатыры спиральға айналатын ракушканы еске түсіреді. Өйткені ежелгі аңыздар бойынша Оңтүстік-Батыс Қазақстан аумағы миллион­даған жыл бұрын ежелгі әлемдік мұхиттың түбі болды.

Құрылыс жұмыстары тез аяқта­лып, пайдалануға дайын Амфи­театр­дың құрылысына Маңғыстау облы­сы әкімдігі және Samruk-Kazyna Construction АҚ жауапты. Жобаның жұмысы осы жылдың сәуір айында басталған. Пай­далануға осы жылдың 1 желтоқсанында беріледі деп жос­парланып отыр.

Бұл жұмыстар тарихи Түркіс­таны­мыздың дамуы мен көркеюіне жа­са­лып жатыр. Түркістан иісі мұсылман елдері үшін ғана емес, дүниежүзі халқы үшін де қадірлі мекенге айналған. Мұн­да жыл сайын әлемнің түкпір-тү­к­пі­рі­нен еліміздің әр аймағынан 700 мың­нан астам қонақ келеді екен. Бү­гінгі таңда қор атынан жаңадан са­лы­нып жатқан бес нысан тарихи Түр­кіста­ны­мыздың болашақта алып қала бо­луына, орта­лықта туризм сала­сы­ның дамуына зор үлесін қосары анық.


Түркістан облысы