Қарашығанақтың жасыл технологиясы
Қарашығанақтың жасыл технологиясы

Қазақстанның мұнай-газ саласындағы көшбасшы­сы­ның бірі «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) компаниясы «Қарашығанақ» бірегей газ конде­н­саты кен орнын тиімді әзірлеуде. Сондықтан жасыл тех­нологияны дамытуға, қоршаған ортаны қорғау саласында жоғары нәтижелерге ерекше көңіл аударып отыр.

ҚПО компаниясы үшін көмір­сутек­терді өндіру және өңдеу ма­ңызды. Бұл ең алдымен, қоршаған ортаға барынша аз әсер ету арқылы өндірістік жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу. «Қарашы­ғанақ Петро­лиум Оперейтинг Б.В.» компа­ниясы 1998 жылдан бері Қарашы­ғанақ кен орнының операторы және осы уақыт ішінде табиғатты қорғау іс-ша­ра­ларын іске асыруға 73 млрд теңге инвес­тиция салды. Басымдық берілген мақса­ты – ауаны ластаушы заттек, сондай-ақ парниктік газ шығарындыларын азайту, қалдықтарды кәдеге жарату, озық жасыл технологияларды енгізу.

Өткен жылы Қарашығанақ кен орнын игеру аясында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шара шығындарының көлемі 7,57 млрд теңгені құрады. Биыл «Ұңғыма­ларды игеру кезінде газдың жоғары көлемдік үлесімен өнімді қайта ай­дау үшін жерүсті сорғысын пай­далану» пилоттық жобасы іске қо­сылды. Енді ұңғымаларды нөл­дік деңгейге дейін игеру кезінде шырақтағы газ жанбайды, ауадағы ластаушы заттек шығарындыла­ры барынша азаяды. Жоба жоғары тиім­ді­лігін көрсетіп берді және келесі жыл­дың табиғатты қорғау іс-шаралар жоспа­рына енгізілді.

ҚПО құрал-жабдықтарды, соның ішінде жоғары қысымды сорғылар мен сеператорларды же­тілдіруді жалғасты­руда және ұң­ғымаларды игеру кезінде атмос­фераға ластаушы заттек шығарын­дыларын азайтуға ықпал ететін көмірсу­тек негізіндегі сұйық­тық­тарды пайдала­нады. Озық құрал-жаб­дықтар мен ма­териалдарды пайдалану нәтижесінде 2018 жылы сұйық көмірсутектерді жағу көлемі 60 мың тоннаға, осы жылдың алты айында – 35 мың тоннаға азайды. Былтыр ұңғымаларлы тазарту ке­зінде газды жағу көлемі 40 млн текше метрге, ал биылғы І жарты­жылдықта 29 млн текше метрге қысқартуға мүмкіндік берді. Ұң­ғыма шырағындағы газ бен сұйық көмірсутекті жағу көлемін азайту 2018 жылы атмосфераға ластаушы заттек шығарынды­ла­рының жал­пы көлемін 55%, 2019 жылғы I жар­тыжылдықта 62% қыс­қартуға мүмкіндік берді. Тех­ноло­гияларды жетілдіру және кәсіпорын қуат­тылығын біртіндеп өсіру қоршаған ортаға әсер ету деңгейінің төмен­деуімен бірге жүреді. Газды жа­лындатып жағу көлемін азайту ҚПО негізгі мін­деттеме­лерінің бірі болып қала береді. Табысты серік­тестік кезінде компания газды кә­деге жарату және жағылатын газ көлемін азай­ту саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Қара­шығанақтағы ілеспе газды кәдеге жарату ҚПО қажеттіліктері үшін электр энер­гиясын өндіру мақса­тында қабат­тық қысымды ұстап тұру, тазар­тыл­маған газды сату және отын газын өндіру үшін қа­батқа газды қайта айдау және жер­гілікті энер­гия тарату компа­ния­ла­ры­на сату арқылы іске асыры­лады. Қа­зіргі кезде Қарашыға­нақтағы газды кә­де­ге жарату көр­сеткіші 99,94% құрайды.

Көрсеткіш мұнай-газ саласын­дағы ең озық әлемдік жетістіктерге сәйкес ке­леді. Объектідегі газ жағу құрал-жаб­ды­ғын жоспарлы-сақ­тандырмалық жөндеу, жаңа жаб­дықты іске қосу-реттеу, сондай- ақ жабдықтың істен шығуы, ақау­лықтары кезінде апаттардың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасының есебі бойынша жүреді. Жалындатып газ жағудың жалпы көлемі өнді­рілген газ көлемінің бар болғаны 0,06% құрайды және ҚПО мұнай және газ өндіру жө­ніндегі әлемдік және еуропалық кәсіпо­рындардың осы көрсеткіші бойынша аса жоғары деңгейін растайды және Қара­шығанақты газды кәдеге жарату көрсет­кіші бойынша Қа­зақстандағы алдыңғы қатардағы мұнай-газ конденсатының кен орны етеді.

Кен орнын игеру кезінде ком­па­ния озық, жаңашыл технология­ларды пайда­ланады. Дәл осы Қара­шығанақта алғаш рет жоғары қысым астындағы өңдел­меген газды қабатқа қайта айдаудың инновациялық схемасы әзірленіп, қол­данылды. Осы схема сұйық көмірсутек өндіру көлемін көбей­туге қатысты өзінің жоғары тиім­ділігін көрсетті және жоба үшін экономиялық тиімді болып шық­ты. Сонымен бірге өндірістің қор­шаған ортаға теріс ықпалы төмен­дейді, сондай-ақ қажет болғанда қабаттан шығарылуы және бола­шақта пайдаланылуы мүмкін газ ресурстары сақталады.

«Қарашығанақ Петролиум Оперей­тинг» су ресурстарын ба­рын­ша сақтау үшін ұтымды пайда­ланады. ҚПО кәсіпо­рын­дағы таза су тұтынуды кешенді шара­лар ар­қылы реттейді және мүмкін бол­ған­да, тазартылған ағын суларды екін­ші рет пайдаланады. Компания жыл сайын ҚОҚ бойынша іс-ша­ралар жоспарына жоғарғы су көз­дерінен техникалық қа­жет­тілікке таза су жинауды қысқарту мақса­тын­да «Тазартылған ағын суларды қайта пайдалану» шарасын қосады және орындайды. Сондай-ақ суды өндірістік қажеттілікке пайдалану су тұтынудың жал­пы көлемінен 10% қысқарды. «Қара­шығанақ Пет­ролиум Оперейтинг» екінші жыл термомеханикалық өңдеуден кейін су негізіндегі бұрғылау ері­тіндісінің сазды бұрғылау шламын және мұнай негізіндегі бұрғылау ерітіндісінің сазды бұрғылау шла­мын екінші рет пайдалану әдісте­ме­лігін әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуде. ҚПО компаниясы осы жұмысты ҚОҚ жөнін­дегі іс-шаралар жоспарына қосады, оны орындаудың эко­логиялық әсері көму үшін келіп түс­кен қалдықтар көлемін азайту мақсатында қалдықтарды екінші рет пайдалану әдістерін жетілдіру болып табылады.

ҚПО бүкіл жұмыс экология тақы­рыбы бойынша жүреді, бұл компания үшін әрқашанда өзекті тақырып. Өйткені күн сайын әр­қай­сымызға қатысты бо­лып қала бермек. «Қарашығанақ Петро­лиум Опе­рейтинг» әлеуметтік жауапты компа­ния ретінде қоршаған ортаны қорғауға жоғары көңіл аударады және «мұнай» және «экология» ұғым­дарын толық үйлесімді етеді.

 

Арман ҚҰСАЙЫНОВ