Алматы облысында сырғанақ теуіп жүрген 10 жасар қыз қайтыс болды
Алматы облысында сырғанақ теуіп жүрген 10 жасар қыз қайтыс болды
Қайғылы оқиға 19 желтоқсанда Көксу ауданында болды. Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлауынша, оқиға Мұқры тауында болған екен. Олардың айтуынша, бұл жер жаппай сырғанауға арналмаған. «Құқық қорғау органдары тергеу амалдарын бастап, арнайы сараптама тағайындады. Тыйым салу белгілері орнатылды. Сырғанақ тебу алаңы жеке шаруа қожалығына қарайды. Сондай-ақ оның иесіне арнайы хат жолданады. Бұл жер қатаң бақылауда, үнемі рейдтер жүргізіліп тұрады», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.