Әлем мойындаған көшбасшы
Әлем мойындаған көшбасшы
286
оқылды

Әлем елдері Қазақстанды татулық пен қоғамдық келі­сімнің алтын бесігі деп таныды. Жаһан жұртшылығы мен көш­бас­шы­лары қазақ еліндегі ынтымақтың, бірліктің үлгі­сін «Қазақстандық жол» немесе «Назарбаев моделі» деп бағалайды. Тұңғыш Пре­зидент – Елбасы Н.Назарбаев­тың бастамалары мен идеялары үлкен зерттеулерге арқау болып, халықаралық деңгейдегі лидерлер өз бағасын берген. Осы орайда, әлем көшбасшы­ларының Елбасы туралы пікірін оқырманға ұсынып отырмыз.


Путин.JPG

Владимир ПУТИН,
Ресей Федерациясының президенті:

«Нұрсұлтан Әбішұлы – саясатта көптен, кеңес дәуірінен келе жат­қан тұлға. Мені қатты таңғал­ды­ра­тыны – оның заман тынысын тап басып тани­тыны... Бұл қасиет – бү­гінгі әлемді дөп басып сезіне ала­тын қасиет оған қайдан дарыған?!

Жақында Нұрсұлтан Әбішұ­лы­ның тағы бір қасиетін байқадым. Ол кейбір нақты жағдайларда өте сезімтал болуы мүмкін. Демек, ол адами қа­сиеттерін жоғалтпағаны. Бұл мен үшін өте маңызды, өйткені бұл – адамның аса бір жақсы қасиеті.

Ол адал әрі әділ. Кейбір мәсе­ле­лерді талқылағанда әрдайым қарапа­йым адамдардың жағдайын бірінші ойлап тұрады. Бұл жеке адамға, қарапайым отбасылар өмі­ріне қалай әсер етеді? Солардың орнына өзін, өзінің жақындарын қо­йып көріп барып, шешім қабыл­дайды. Ол – өз халқының бір бөлігі.

Қазақстан үшін Нұрсұлтан Назарбаев – тарихи бірегей тұлға. Өйткені осы уақытқа дейін қазақ­тарда қазіргі мемлекеттік құры­лы­мы бар мемлекет болмады. Ол – тек қана Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті ғана емес, Қазақ елін, қа­зақ­стандық мемлекетті құрушы. Оның бірегей тарихи рөлінің мағынасы да осында».

 

Трамп.JPG

Дональд ТРАМП,
Америка Құрама Штаттарының президенті:

«Сіздің еліңіз үшін аса маңызды тарихи сәтпен құттықтаймын. Сіз басқарған 30 жылға жуық уа­қыттың ішінде елге мол мұра қалдырдыңыз және билік транзитін конституциялық процедураларға сай жүзеге асыру шешіміңізге қолдау білдіремін. Сіздің өткен жылғы Ақ үйге сапарыңыз АҚШ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты терең­детуге бағытталған нақты қадам болды».

 

Ердоган.JPG

Реджеп Тайып ЕРДОҒАН,
Түркия Республикасының президенті:

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – өз заманының аса көрнекті тұлғасы және түркі жұр­тының ақсақалы. Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларын әрқашанда қолдаймыз әрі зор құрметпен қабылдаймыз. Қазақстан Пре­зидентінің түркі әлеміндегі беделі өте жоғары, Нұрсұлтан Назарбаевтың барша түркі халықта­ры­ның басын біріктіріп, бауырлас түрік елімен қа­рым-қатынасты нығайтуға сіңірген ерен еңбегін атап өткім келеді».

   

Лукашенко.JPG

Александр ЛУКАШЕНКО,
Беларусь Республикасының президенті:

«Арамыздағы ашықтық пен сенімділікке құрыл­ған диалогты жоғары бағалаймын. Бұл Қазақстан Республикасы мен Беларусь Респуб­ликасы ара­сындағы достастық пен әріптестік қатынастардың нығаюына айтарлықтай ықпал етті. Елдеріміз түрлі салада көптеген болашағы жарқын жобаларды сәтті жүзеге асыруда. Қазақстан – Беларусь ынтымақ­тас­тығы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы инте­грациялық үдерісті дамытуға жағдай туғызатын маңызды фактор.

Сіздің ауқымды әрі сан қырлы тәжірибеңіз мемлекеттеріміз арасын­дағы қарым-қатынастың одан ары кеңеюіне ықпал ететініне сенімдімін».

    

Гутерриш.JPG

Антониу ГУТЕРРИШ,
БҰҰ Бас хатшысы:

«Қазақстан Сіздің Президент лауазымына сайлануыңыздан бастап бейбітшілік пен қауіп­сіздікті сақтауға, ядролық қаруды таратпауға, пре­вентивті дипломатияның және терроризмге қарсы іс-қимылдарға қатысты БҰҰ-ның құн­ды­лықтарын қорғау және ілгерілету ісінде маңызды рөл атқаруда. Орнықты даму мақсаттарының жақтаушысы ретінде Қазақстанның рөлін жоғары бағалаймын».

   

Ли Куан.JPG

Ли Куан Ю,
Сингапур Республикасының премьер-министрі
(1959-1980 жж.):

«Президент Назарбаев – кеңес саясатындағы жұлдызы жанған, одақтас республикалар лидер­ле­рі арасындағы ірі тұлға. Қазақстанның 50 жас­тағы көшбасшысы Одақ республикаларының басқа көшбасшылары мойындаған бір қарағанда әрі қатал, әрі тәжірибеге сүйенетін, тез шешім қабылдай алатын қайраткер, сондай-ақ тартымды, дарынды және батыл басшы. Егер Назарбаевқа республика тізгіні тапсырылса, Қазақстанның табысқа жету мүмкіндігі анағұрлым басым болады».

 

Обама.JPG

Барак ОБАМА,
АҚШ президенті (2009-2017 жж.):

«Президент Назарбаев – ядролық қауіпсіздік және қаруды таратпау мәселесінде әлемдегі үлгілі көшбасшылардың бірі. Қазақстан мемлекет ядролық қарудан бас тартып-ақ қауіпсіздік пен экономикалық гүлденуге қол жеткізуге мүмкіндік бар екенінің керемет үлгісі бола білді.

Ядролық қарудан бас тарту арқылы қазақ­стан­дықтар аймақтағы бар мемлекеттен қауіпсіздікке кепілдік алды әрі бұл Қазақстанды аймақтағы тұрақты мемлекеттердің біріне айналдырды.

Оқшау болып қалуы да ықтимал болған, алайда ядролық қарудан бас тарту арқылы Қазақстан халықаралық экономика үшін ашық және шетелдік инвестиция тартуға қолайлы елге айналды».

 

Жак Ширак.JPG

Жак ШИРАК,
Франция Республикасының президенті (1995-2007 жж.):

«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның ек­пінді экономикалық дамуы – Нұрсұлтан Назар­баев­тың еңбегі және оның қазақстандықтардың әл-ауқа­тын жақсартуға бағытталған саясатының нәтижесі. Аталған саясат пен дамудың арқасында Қазақстан Еуропада танымал болды».