Құралай ханым неге «Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталғанын түсіндірді
Құралай ханым неге «Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталғанын түсіндірді
214
оқылды
Жуырда экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі және мемлекеттік қызметтегі еңбегін бағалау мақсатында бірқатар азамат «Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталған еді. Олардың қатарында Құралай ханым атымен танылған коуч Құралай Ошақбаева да бар. Әлеуметтік желі қолданушылары мен қоғам белсенділері оны марапатқа лайық емес деп есептейді. Құралай Ошақбаева марапатына қатысты жазба қалдырды. «Алдарыңызда «кессең міне басым» деп жүрген қыздарыңыз бүгін марапатқа ие болып жатыр. Марапат менікі емес, менің артымда тұрған қалың қол халықтыкі. Президенттің «Ерен Еңбегі үшін» медалімен марапатталып, төбем көкке екі-ақ елі жетпей тұр. Мақтау мақтауымен, марапат марапатымен, бірақ медальді алып тұрып өзіме артылған жауапкершіліктің тағы қанша есеге өскенін бірден түсінгендей болдым. Кешегі өткен Ләззаттар мен Сәбиралардың рухтарының алдындағы жауапкершілікті сезіндім. Біз көріп жатқан не мақтау болса да, солардың көз жасы мен қыршыннан қиылған өмірлерінің арқасында ғой», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.