Түркі әлемінің таутұлғасы
Түркі әлемінің таутұлғасы
247
оқылды

Елбасы – Тұңғыш Пре­­зи­дент Н.Назарбаев­тың түркі жұр­­тын біріктіруге, түркі ын­­ты­­­мақ­­­тастығын арттыру­ға қос­­қан үлесі орасан зор.

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ,   
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары –  
Хатшылық меңгерушісі


Түркі кеңесі мемлекеттері бас­шы­ларының жақында Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркітілдес мемле­кет­­тер­дің ынтымақтастығы кеңе­сі­нің өмір бойғы құрметті төра­ғасы мәртебесін беру туралы шешімі Елбасының ерен еңбегінің нәти­же­сі дер едім. Бұл Елбасымыз­дың түркі әлемі елдерінің дамуы, ын­ты­­­мақтастығы мен бауырлас мем­лекеттер арасында тарихи са­бақ­­тас­тықты, туыстықты сақ­тау­ға қос­қан айрықша үлесін бірауыздан мойындауды білдіреді. Сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президен­ті­нің ұзақ жылғы сындарлы сая­са­ты мен бітімгерлік еңбегіне беріл­ген жоғары баға мен айрықша құр­­мет деп есептейміз.

Қазақстанның Тұңғыш Прези­денті Тәуелсіздікке дейін де, кейін де түркі жұртшылығына айрықша кө­ңіл бөлді. Түркі әлемі басшы­ла­ры­ның басын қосуда, біріктіруде, түркі дүниесін бүкіл әлемге таны­ту­да Елбасының айшықты қол­таң­басы бар.

Бүгінгі таңда Н.Назарбаевтың бе­делі түркі әлемінде өте жоғары дең­гейде. Бұл дәрежеге қол жет­кізу оңай болған жоқ. Шыны ке­рек, түркітілдес мемлекеттер бас­­шыларының арасында түрлі мі­незді, түрлі саясат ұстанып, түр­лі көзқарастармен ел басқар­ған­дары болды. Олардың мұндай ерек­­шеліктері кей жағдайда бір­ша­ма қиындық туғызып отырды. Әрбір кездесу, келіссөздер бары­сын­да Елбасы «Бүкіл дүние тәуел­сіз­дік алған бізді бақылап, қарап отыр. Алтау араз болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, төбедегі ке­леді» деп барлығының басын қо­сып, бір арнаға тоғыстыруға ты­рысты. «Ақ теңізден Алтайға дейінгі үлкен кеңістікте өмір сүріп жатқан түркі халықтары 200 млн-ға жуық. Олар бірігіп, тату болып, ынтымақтастығын арттырса ғана, өздерін әлемге таныта алады» деген сөзді жиі айтатын.

Елбасымыз осы мақсатта тә­уел­сіздіктен кейінгі алғашқы жыл­дар­дың ішінде-ақ үлкен шаруалар жасады.

Соның бірі ретінде Түркістан қа­­ласындағы Ахмет Ясауи атын­да­ғы халықаралық қазақ-түрік университетінің құрылуын атап өтуге болады. Жалпы көлемі 300 га жерді алып жатқан оқу ордасы бү­гінде аяғынан тік тұрып, қара ша­ңыраққа айналып отыр. Түр­кия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзір­бай­жан, Түркіменстан студент­тері­мен қатар, Ресейдегі саны аз қарашай, балқар, ноғай, қарайым, гагауз сияқты бүкіл түркі халық­та­рының жастары дәріс алуда.

Бұдан бөлек, ешқашан жүзеге асады-ау деп ойламаған, ғасырлар бойы армандаған құрылымдар дү­ние­ге келді. Олар: Стамбұлдағы – Түркі кеңесі, Бакудегі – Түр­кі­тіл­­­дес елдердің парламенттік ас­сам­­блеясы (ТүркПА), Анкара­дағы – ТҮРКСОЙ ұйымы, Нұр-Сұл­тан­дағы – халықаралық Түркі ака­­демиясы. Әрбір ұйымның ашы­луы айрықша естеліктерге толы. Түркі мемлекетінің ынты­мақ­­тастығын нығайтып, оны жү­зе­­ге асыратын нақты ұйымның бірі – Түркі кеңесі. 2009 жылдың 3 қазанында Нахчыван қаласында Түркі кеңесін құру туралы Елбасы­мыз бастама көтерді. Кеңес Одағы тарағаннан кейін түркітілдес мем­ле­кеттер басшылары жылына бір рет кездесіп, саммит өткізіп оты­­ратын. Алқалы жиында белгілі бір сала бойынша мәселе қозға­лып, жоспар жасалатын. Алайда өзінің жеке хатшылығы болмағандықтан, көп жағдайда айтылған мәселелер уақытында жүзеге аспайтын. Сон­дық­тан осы олқылықты орнына келтіріп, нақты орындау мақса­тын­да Елбасымыздың ұсыны­сы­мен Түркі кеңесі ұйымы өз жұ­мы­сын бастады. Қазіргі кезеңде өз жемі­сін беріп, түркі мемлекеті бас­­шыларының кездесулері жүйе­лі түрде жолға қойылды. Осы бас­қосуларда Түркі кеңесі түр­кі­тілдес мемлекеттер басшылары ойларын ортаға салып, экономика, мәдени, білім, ғылым саласындағы ынты­мақ­тастықты дамыту жолын­да нақ­ты шараларды қолға алды. Түркі кеңесінің тағы бір ерек­ше­лігі, алты ірі түркі мемлекеттерінің бас­шыларын жинаумен қатар, басқа да түркітілдес халықтардың тілі мен мәдениетінің, өнер-ғы­лымының дамуы үшін қажетті көмек көрсетіп отырады.


Кемал САЛЛЫ:

 «2010 жылдан бері «Өнже Ватан» газетінде «Түркі әлемінің лидері Нұрсұлтан Назарбаевқа Нобель сыйлығын беру керек!» деген акция жүргізіп отырмыз. Өйткені Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ядролық полигонды жаптырып, әлемдік дәстүрлі дін лидерлерінің басын қосқан тұлға,  Түркия мен Ресейді жақындастырған көреген басшы Нобель сыйлығына әбден лайықты деп білеміз.  Сондықтан Түркі кеңесінің Құрметті төрағасына Нобель сыйлығының берілуіне барлығымыз міндетті түрде атсалысуымыз керек. Түбі бір түрік жұрты Елбасының бауырмалдығын еш уақытта ұмытпаймыз, әлемдік бейбітшілікке қосқан үлесі үшін мың да бір алғыс айтамыз! Біз Нұрсұлтан Назарбаевқа мәңгі бақи қарыздармыз!»


Жалпы, түркі халықтарын хал­қы­ның саны, даму деңгейіне қа­рай үшке бөлуге болады. Алты ірі мем­лекет – Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қыр­ғыз­стан, Әзірбайжан. Одан кейінгі үлкен халықтарға Ресей құрамында автономды республика есебінде өмір сүріп жатқан татар, башқұрт, якут, чуваш халықтары кіреді. Одан кейінгі орында хакас, алтай, қарайым, қарашай, балқар, ноғай, құмықтарды қоямыз. Бұл халық­тар­дың да тілін, ғылымын дамыту күн тәртібінен түспеуі тиіс. Басым бөлігінің мәдениетін дамытуға, әлем елдерімен араласуға кең мүм­кіндіктері жоқ. Осы тұрғыда Түр­кі кеңесі бауырлас елдерге құ­ша­ғын ашып, өз мүмкіндіктерін ұсынуда. Елбасының «халқы саны неғұрлым аз болса, соғұрлым жоғары дәре­же­д­е көмек көрсетуі керек» деген сөзінің маңызы жоға­ры. Өйткені 40 тілден тұратын түркі тілдер жан­ұясы атты топқа кіретін бар­лық тілдерді сақтап, ұрпақтан-ұр­пақ­қа жеткізуге көрегенділікпен кө­ңіл бөліп отыр.

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры», «Болашаққа бағдар: руха­ни жаңғыру» мақаласында рухани бай­лығымызды, ұлттың өзіндік ко­дын, ділін, тілін, табиғатын сақ­тап, келесі ұрпаққа жеткізу жолын айқын көрсеткен.

Бұл екі мақаланы тек қана қа­зақ елі емес, әрбір түркі халқы­ның толық пайдалануына негіз бар. Түр­кі халқы бірден «Түркі әле­­мі­нің манифесі» деп жария­лап, Ел­­басымыз көрсеткен тап­сыр­­ма­лар­ды өздеріне нақты бағдар етіп алды.

Өйткені Тұңғыш Президент «Ұлы даланың жеті қыры» мақа­ла­сында Қазақстанның түркі дү­ние­­сіндегі орнына тоқталып, қа­зақ­тардың арғы бабалары ұлан-ғайыр Еуропа мен Азиядағы саяси және экономикалық тарихтың бета­лысын түбегейлі өзгерткені ту­ралы баяндады. Ұлы Жібек жолы бойында көшпелі және отырықшы өркениеттің өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылым­ның және әлемдік сауданың орта­лы­ғына айналғанын мысалға ал­ды. Өз халқының рухани байлы­ғы ғана емес, Ұлы дала төсінен тара­ған түбі бір түркілерді дүниеге таны­туды көздейді.

Түркі әлемін дүниеге таныту­дағы келесі қадам – Түркі акаде­мия­сы халықаралық ұйымының құ­рылуы. Түркі академиясының 2010 жылғы тұсаукесеріне Елбасы­мыз бен сол кездегі Түркия прези­денті Абдолла Гүлдің қатысуы ерек­­ше әсер қалдырды. Екі мем­ле­кет басшысы қатысқан мұн­дай халықаралық түркологиялық сим­по­зиум бұрын-соңды ұйымдас­ты­рыл­ған емес. Төрткүл дүниеден әлем­дік деңгейдегі 300-дей түрко­лог ғалымдар жиналды. Татар ға­лы­мы, академик Мирфатых Закиев бастаған жүз шақты түрко­лог Елбасына үндеу жазып «Қазіргі таңда кеңестік кезеңде орталық болған Мәскеу, Санкт-Петербор өз қамымен кетті. Ғалымдардың басын біріктіретін, ұйымдас­ты­ра­тын басқа орталықтар жоқ. Түркі елдерінің ғылымын, білімін, тарихын зерттейтін орталық болуға тек Қазақстан лайық. Осы ұсы­нысымызды қабыл алсаңыз» деген өтініштерін ала келіпті. Ал олар­дың симпозиумға келгенде ха­лықаралық Түркі академия­сы­ның ашылатындығынан еш ха­ба­ры жоқ болатын. Екі Пре­зи­денттің қатысуымен Түркі академиясы, Түркі дүниесі кітапханасы мен музейінің тұсаукесеріне қатысып, көктен іздегендері жерден табыл­ған­дай қуанып, таңғалыс­та­рын жасыра алмады.

Міне, сол үлкен ғылыми ор­та­лық – халықаралық Түркі ака­демиясы бүгінде әлем түрко­лог­тарының ортақ алаңына айнал­ды. Түркі халықтарының әдебиеті, тілі, тарихы, мәдениеті салаларын­д­а жүздеген кітаптар, сөздіктер, журналдар шығарып, көптеген ғы­лыми конференция, сим­по­зиум, семинарлар өткізді. Ғалым­дар­ға жан-жақты қамқор­лық жасап, түркология ғылымының те­реңдеуіне өлшеусіз үлес қосты. Бұл қарқын бұдан кейін де жалғаса бермек.

Жалпы, әлемдік қауымдастық бүгінгі таңда түркі дүниесін толық та­нып білді деп әлі де айта алмай­мыз. Ал халықаралық Түркі ака­де­миясы алдымен түркі дүние­сін әлемге таныта бастаса, екін­шіден, түркі халықтарының рухани бай­лы­ғын терең зерттеу арқылы ұмы­ты­ла бастаған өз мәдениет­терін өздеріне таныта бастады.

 

«Қазақстан Президенті Нобель сыйлығына лайық!»

2015 жылы қараша айында бас­талған Ресей-Түркия арасын­дағы дағдарыста да Елбасының араағайындық рөлін ерекше атап өтуіміз керек. Ресей ұшағын Түр­кия­ның атып түсіруінен соң жағ­дай күрт ушығып, еларалық виза тоқтады. Шекара жабылды деуге де болатын. Туризм тұралап, Ресей­де жұмыс істеп жатқан түрік фирмаларының жұмысы тоқтады. Бір сәтте дүние апай-топай болып, Түркия өндіріс және азық-түлік тауарына Ресейге кіруге тосқауыл қойылды. Жүз мыңдаған отбасы­ның қарым-қатынасы үзілді. Ресейден жылына орта есеппен 4,5 млн адам Түркияда демалатын. Бұл – өз аяғымен келіп тұрған 4,5 млрд доллар түсім. Жергілікті фирмалардың да жұмысы бірден қаңтарылды. Туристерді азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған Ақ теңіз жағалауындағы ауыл шаруашылығымен айналысатын 300 мыңдай шаруа бір сәтте жұмыссыздар қатарына қосылды. Қонақүйлерге күнделікті келіп жататын өнімдер күрт тоқтап, экономикалық дағдарыс белең алды. Бірқатар туристік аймақтар көшеге шықты. Сол кезде Қазақ­стан елшілігіне Түркия саясат­керлері, кәсіпкерлер, мемлекет қайраткерлері, ғалымдар ағылып келе бастады. Баспасөз, ақпарат құралдары жағдайды одан сайын ушықтырып жатты. Ортақ ше­шімге, ымыраға келуге Ресей де, Түркия да ықтиярлығын көрсет­педі. Түрік жұртшылығы, зиялы қауым іскер өкілдері «бізді бұл тығырықтан Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қана алып шығады. Басқа ешкім­нің шамасы келмейді» деп бітім­гер­шілік жасауды өтінді.

Әрине, бұл жағдайдың барлы­ғынан Елбасы күнделікті хабардар болатын. Біртіндеп екі басшы арасын жақындату шараларына кірісті, бітімгершілік жұмыстарын жүргізді. 2016 жылдың алғашқы айларынан басталған келіссөздер алты айға созылды. Осы кезеңде Елбасы кезек-кезек Түркия, Ресей мемлекеттеріне жұмыс сапарымен барды. Аса күрделі келіссөздер негізінде 2016 жылдың маусым айында екі жақ ортақ мәмілеге келіп, оң шешім қабылданды. Бұл шешім екі жаққа да тиімді болды. Сол уақытта түрік баспасөзі бұл әлемдік деңгейдегі теңдесі жоқ бітімгершілік еңбек деп жарыса жазды. Күллі түркі жұрты Қазақ­стан Президентін түркі әлемінің көреген Көшбасшысы, дана дуайені деп атап көрсетті.

Бұл туралы жақында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақ­стан халқы Ассамблеясының халықаралық медиафорумында Түркиядан келген журналист, халықаралық шолушы Кемал Саллы «2010 жылдан бері «Өнже Ватан» газетінде «Түркі әлемінің лидері Нұрсұлтан Назарбаевқа Нобель сыйлығын беру керек!» деген акция жүргізіп отырмыз. Өйткені Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ядролық полигонды жаптырып, әлемдік дәстүрлі дін лидерлерінің басын қосқан тұлға, Түркия мен Ресейді жақындастырған көреген басшы Нобель сыйлығына әбден лайық­ты деп білеміз. Сондықтан Түркі кеңесінің Құрметті төрағасына Нобель сыйлығының берілуіне барлығымыз міндетті түрде атса­лысуымыз керек. Түбі бір түрік жұрты Елбасының бауырмалдығын еш уақытта ұмытпаймыз, әлемдік бейбітшілікке қосқан үлесі үшін мың да бір алғыс айтамыз! Нұр­сұл­тан Назарбаевқа мәңгі бақи қарыздармыз!» деп ағынан жарыл­ды. Мұны бір ғана қара­пайым журналистің емес, бүкіл түркі жұртының шынайы құрметі деп қабылдауға болады.

 


Ер түріктің бесігі – Түркістан

Тұңғыш Президентіміздің Жарлығымен құрылған Түркістан облысы мен Түркістан қаласы да түркі дүниесін елең еткізген өзге­ріс­тің бірі.

2018 жылғы 19 маусымдағы Елба­сымыздың Түркістан облы­сын құру және Түркістан қаласын орталығы етіп бекіту жөніндегі Жарлығы Қазақстан үшін ғана емес, түркі дүниесі үшін де тарихи қадам дер едік. Елбасымыздың ұзақ жылдан бері «Түркістан – түркі дүниесінің орталығы болуы тиіс» деп қайталап айтып келе жатқанының өзіндік себебі бар.

Айналасынан 7-8 көне қала­ның орны табылған Түркістан шаһарының тарихы тереңде. Кезінде Жібек жолы бойында дәуірлеп тұрған Оңтүстік Қазақ­стан жеріндегі Исфиджаб, Сауран арасындағы қалалары өркениет орталығы болды. ХІІ ғасырда Түркістанда өмір сүрген ғұлама Қожа Ахмет Ясауи – атақты ақын ғана емес, пәлсапалық ілімнің бастаушысы. Тәлімін алған шәкірттері Өзбекстан, Түркия жерінде өмір сүрген. Ирак, Сирия жеріне де таралған. Қазіргі түрік оқымыстылары, зиялы қауымы ХІІІ ғасырдан бастап құрылған Осман империясының түркітілдес, түркірухтас болып қалуына негізгі себепші болған Ясауи бабамыздың шәкірттерінің еңбегі деп айтады. Себебі Түркияның араб елдерінің немесе басқа көрші тілдердің ықпалында кетпей, бүгінгі күнге Түркия мемлекеті болып жетуіне бірден-бір себепші болған Ясауи шәкірттері Юнус Әміре, Бекташ, Мәулана сияқты ұлы тұлғалардың арқасы деп біледі. Қазіргі таңда Түркияда Ясауи атындағы бірнеше мешіт бар, 100-ге жуық қор құрыл­ған, бұдан бөлек көптеген лицей, колледж, зерттеу орталық­тары жұ­мыс істейді. Ал ясауитану­шы­лар Ясауи шығармаларын жыл сайын үлкен тиражбен басып отыра­ды.

Жалпы, Ясауи ілімі, оның ақын­дығы Түркияда Қазақстанға қарағанда кеңінен танымал. Түркістан қаласын Елбасымыздың түркі әлемінің орталығы етіп құруы арқылы түркі дүниесінің орталығына айналдыру болса, екіншіден, Ясауи бабамыздың ілімін терең қарауға, зерттеуге арнал­ған үлкен қадам.


Тілде, пікірде, істе – бірлік!

Түркі мемлекеттері басшы­ла­рының соңғы саммитінде Елбасы­мыз түркі дүниесінің «100 жаңа көшбасшысы», «Түркі дүниесінің 100 жаңа есімі», «түркі дүниесінің 100 киелі жерлері» атты бағдарла­маларды жүзеге асыруды ұсынды. Түркі дүниесі жас көшбасшы­ларының форумын өткізу туралы ой тастады. Бұл ресми басшылар ғана емес, жас лидерлердің бас­қосуы арқылы түркі дүниесінің ын­тымақтастығының беки түсеті­ніне көрсетілген сенім.

Қазіргі таңда халықаралық сарап­шылар Еуразияның кіндігін­де орналасқан Қазақстанды гео­саяси және стратегиялық тұрғыдан түркі дүниесі қауіпсіздігінің кепілі деп санайды. Еуропа және Қытай арасындағы негізгі транзиттік дәліз ғана емес, жалпы, конти­нент­ті масштабта батыс пен шы­ғысты, солтүстік пен оңтүстікті бай­­­ла­ныс­ты­рып отырған шешуші ел деп есеп­тейді. Ал Н.Назарбаев сая­­саты көрші мемлекеттердің де мүд­десін көздеп, күрмеуі көп ай­мақ­тық және халықаралық ах­уал­­д­ың шешу­ші алаңына айнал­дыр­ды.

Сондықтан болса керек шетел­дік саясаткерлер Н.Назарбаевты түркі Еуразиялығы­ның аса көр­нек­ті идеологы деп бағалайды. Назарбаев түрікшілдігінің ерек­шелігі, оның нақты стратегия­сында, әсірешілдік пен популизм­нен алыс болуында. ХХІ ғасырдағы әлемдік саяси жүйеде өмір сүрудің ең басты кепілі – бірлік десек, ол жалғыз Қазақстан емес, түркі әле­мі үшін де аса маңызды. Өйт­кені бірлік – түркі, мұсылман дүние­сі жоғалтып алған ең үлкен шығын. Сондықтан түркі дүние­сінің Көшбасшысы Н.Назарбаев түркі әлемінің интеграциясын нығайту­ға күш салды. Бұл мақ­сатты Н.Назарбаев тілде, пікір­де, істе, бірлік­те жүзеге асыр­ған тұлға.

Жылдар жылжыған сайын Елбасының осы еңбектері нәти­же­сін беріп, Қазақстанның орны әлемдік аренада биіктей бермек.