1 млн теңге. «Еңбек жолы» байқауының жеңімпазын анықтайтын күн жақын

1 млн теңге. «Еңбек жолы» байқауының жеңімпазын анықтайтын күн жақын

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы арнайы комиссияның шешімімен еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлері арасында жыл сайын өтетін «Еңбек жолы» республикалық байқауының финалына 9 үміткер анықталды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Байқау жұмысшыларды танымал ету мақсатында өткізіледі және «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас қызметкері», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» деген үш номинациясы бар.

Биыл үміткерлерден өтінім қабылдау 1 маусымнан басталды. Байқаудың өңірлік кезеңіне 388 адам қатысты, оның ішінде бірінші номинация бойынша 90, екінші номинация бойынша – 154, үшінші номинация бойынша – 144 өтінім түсті.

Конкурстың республикалық кезеңінде министрлік сайтында өткізілген онлайн дауыс беру барысында 179 329 дауыс келіп түсті, оның ішінде: 23 351 дауыс «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша, 65 822 дауыс «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша және 90 156 дауыс «Жұмыс істеуші жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша дауыс келіп түсті. «Конкурстың финалистерін іріктеуді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың төрағалығымен, онлайн дауыс беруді ескере отырып, арнайы республикалық комиссия жүзеге асырды. Комиссия құрамына ҚР Еңбекмині, ҚР ҰЭМ, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі, «Атамекен» ҰКП, ҚР Кәсіподақтар федерациясы, Қазақстан Еңбек конфедерациясы мен «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар Достастығының Үйлестіру кеңесінің өкілдері кірді», делінген хабарламада.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша әр номинация бойынша 3 финалист таңдалды. Бұдан әрі комиссия «Әлеуметтік инновациялар жалпыға ортақ еңбек Қоғамына жол» халықаралық форумы шеңберінде 4 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өтетін конкурстың жеңімпаздарын анықтау жөнінде шешім қабылдайды.