Аудандағы автожол сапасы 5 жылда толықтай өзгереді
Аудандағы автожол сапасы 5 жылда толықтай өзгереді
100
оқылды

«Nur Otan» партиясының атынан Қарағанды облыстық маслихатының депутаттығына үмітер Оспанова Қадиша, Дюсенбаев Ғабдолла және Хамитов Ержан Бұқар жырау ауданына барып, белсенді жастармен, құрметті тұрғындармен кездесті.

Ең бірінші кездесу жасотандық белсенді жастармен болды. 10 желтоқсанда үгіт-насихат жұмыстары басталғалы бері Бұқар жырау ауданында 50 белсенді жұмыс істеуде. Партия филиалы үшін бұл үлкен көмек. Аудан тұрғындарымен де ең көп кездесіп, тығыз қарым-қатынаста жүрген де осы белсенділер болғандықтан ой-пікірлерін білу, талдау жасау өте маңызды. Жалпы Бұқар жырау ауданында 12 746 жас бар. 7327-і жұмыс жасайтын жастар болса, 381-і өзін-өзі қамтыған жастар. 212 жас кәсіпкер бар. «Nur Otan» партиясы биыл облыстағы әр қала және аудан бойынша жеке-жеке бағдарлама әзірлеген болатын. Бұқар жырау ауданы бойынша дайындалған бағдарламада жастарды жұмыспен қамту жолы көрсетілген. Яғни алдағы 5 жылда 2 мың жасты жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу (жыл сайын 500 адамнан) қарастырылады. Бұл жастар жұмыссыздығының деңгейін 3,5%-тен 3,1%-ге дейін төмендетуге мүмкіндік береді. «Жасыл ел» еңбек жасақтарын ұйымдастыру арқылы жазғы кезеңге 150 жасты жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі. Бұқар жырау ауданы жылдан-жылға көркейіп келеді. Аудан орталығының түнгі көрінісі тіпті құлпырып келеді. Кандидаттардың екінші кездесуі мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен өтті. Бұқар жырау ауданындағы ең негізгі мәселелердің бірі – тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық желілерінің тозуы, коммуналдық тұрғын үй қорынан үй алуға тұрған азаматтардың кезегінің көптігі, көктемде су тасқыны қаупінің жоғары болуы, аудандық және кентішілік автомобиль жолдарының тозуы. Тұрғындарды толғандыратын осы мәселелер партияның сайлауалды бағдарламасында негізге алынған. аудан
Алдағы 5 жылда автожолдардың сапасы кезең-кезеңмен жақсартылады. ? 2021 жылы 64,0 км автожол, оның ішінде облыстық – 7,5 км және аудандық – 56,5 км жөнделеді. ? 2022 жылы 89,5 км автожол, оның ішінде облыстық – 7,5 км және аудандық – 82,0 км жөнделеді. ? 2023 жылы 103,0 км автожол, оның ішінде облыстық – 15,0 км және аудандық – 88,0 км жөнделеді. ? 2024 жылы 26,0 км автожол, оның ішінде облыстық – 15,0 км және аудандық – 11,0 км жөнделеді. ? 2025 жылы 29,0 км автожол, оның ішінде облыстық – 15,0 км және аудандық – 14,0 км жөнделеді.
Жоғарыда айтылған негізгі мәселелердің шешу жолдары толықтай «Nur Otan» партиясының Бұқар жырау ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасында көрсетілген. Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз! Бізбен бірге жеңімпаз бол! 10 қаңтарда өтетін сайлауда Nur Otan-ға дауыс бер!

Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық филиалының Сайлау қорынан төленді