Бұл туралы polisia.kz хабарлады.
Полиция куәлігінен айырылған, ішімдік ішкен жүргізушінің жеңіл автокөлікпен бұқа тасымалдағанын анықтады. Таңертең Алматы – Өскемен автожолының 230 шақырымында Көксу ауданы Балпық би кенті маңында полицейлер 31 жастағы тұрғынның көлігін тоқтатқан. «Фольксваген Гольф» көлігінің артқы орындығында жолаушы ретінде бұқаны «отырғызған».Көксу АПБ бастығы Рамиль Гимадиев: «Былтыр жүргізушінің үш жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айрылғаны анықталды. Аталған дерек ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес, СДТБТ-де тіркелді. Күдікті ішімдік ішкеннен кейін көрші ауылда тұратын ағасына бұқа апармақ болған, – дейді.
Автокөлік айып тұрағына қойылды.