Бір аптада мыңнан астам адам шетелге шығады
Бір аптада мыңнан астам адам шетелге шығады
119
оқылды

Апта сайын 1 жарым мыңға жуық қазақстандық шетелге кетеді. Саяхаттайтындарға пандемия да кедергі емес.

Тіпті қыркүйек пен желтоқсан айының аралығында 24 мың адам шетелге барған. Қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірліктері, Египет, Түркия, Мальдив және Шри-Ланка аралына жиі саяхаттайды. Демалысқа отбасымен баратындар көбінесе, Мысырды таңдайды. Себебі, туристерге тамақтану, қонақүйге орналасу, көңіл көтеру үшін барлық жағдай жасалған.

«Туристік қамқор» корпоративтік қорының төрайымы Инна Рей: «Былтыр қыркүйек-желтоқсан айларында 3-4 мың қазақстандық турист шетелде демалған. Ал биыл бұл көрсеткіш өте жоғары. 24 мың адам тур сатып алып, демалып қайтты. Олар коронавирус жұқтырған жоқ. Өйткені туристерді қарсы алатын елдер барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтап отыр. Жаңа жылдың алдында демалушылар саны күрт өсті. Қазір апта сайын 1 мың адам шетелге ұшып жатыр. Жақында Мальдив аралдарына тікелей рейс ашылғандықтан, тізімге тағы 200 адам қосылды», – дейді.