Қорадағы шөпті әдейі өртеген күдікті ұсталды
Қорадағы шөпті әдейі өртеген күдікті ұсталды
133
оқылды

Бұл туралы polisia.kz жазды.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында біреудің 2,5 млн теңге тұратын жем-шөбін өртеп жіберген ауыл тұрғыны ұсталды. 18 желтоқсан күні сағат 05:40-тар шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөліміне Түгіскен ауылының тұрғыны мал қорада жиналып тұрған жоңышқасы мен 12 тонна жемін белгісіз біреудің өртеп жібергені туралы арызданған. Жәбірленуші 2​ 490​ 200 теңге шығынға ұшыраған.

Полицейлер осы қылмысқа қатысты деген күдікпен 24 жастағы ауыл тұрғынын ұстады. Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлігі бойынша (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) тергеу басталды.