Қазақ нокаутшы мен Олимпиада чемпионының жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Қазақ нокаутшы мен Олимпиада чемпионының жекпе-жегін қайдан көруге болады?
122
оқылды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (10-0, 9 КО) пен Данияр Елеусіновтің (8-0, 4 КО) желтоқсандағы жекпе-жегін «Хабар» арнасы тікелей көрсетеді,– деп жазады vesti.kz.

WBC «жастар» титулына ие С.Ахмедов 7 желтоқсан Монреальда Давид Лемье (40-4, 34 КО) мен украиналық Максим Бурсак (35-5-2, 16 КО) андеркартында жұдырықтасады. Қарсыласы аргентиналық Хосе Антонио Вильялобос (12-5-2, 7 КО).

«Хабар» арнасындағы трансляция 8 желтоқсан 07:00-ден 08:30-ға дейін болады.
Ал, Д.Елеусінов 20 желтоқсан Финикс қаласындағы Talking Stick Resort аренасында 28 жастағы Алан Санчеспен (20-4-1, 10 КО) жекпе-жекке шығады. WBC Continental Americas белбеуі үшін өтетін кездесу форматы он раунд. 
«Хабар» бұл жекпе-жекті 21 желтоқсан 06:00 мен 08:00 аралығында трансляциялайды.