Орманшы қабанды рұқсатсыз аулаған
Орманшы қабанды рұқсатсыз аулаған

Ұланбел орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкері осылайша, жануарды қорғаудың орнына оны аулап, жұрттың жағасын ұстатып отыр.

Облыстық Полиция департаменті биыл 15 желтоқсанда «Ақбөкен»  жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Жамбыл облысы ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Қаракемер ауылы маңында «Ауди 100» маркалы автокөлігін  тоқтатқан. 36 жастағы Мойынқұм ауданының тұрғынын тексеру барысында автокөліктен 3 қабанның ұшасы табылған.    width= Жүргізуші қабанды рұқсатсыз ауланғанын мойындады. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі (заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы