«Маңғыстау–Ақтөбе» пойызындағы өрттен зардап шеккен ер адам қайтыс болды
«Маңғыстау–Ақтөбе» пойызындағы өрттен зардап шеккен ер адам қайтыс болды
117
оқылды

Бейнеу аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Әсия Шонтыбаеваның айтуынша, денесінің 80 пайызын күйік шалған 42 жастағы ер адам кеше қайтыс болды.

«Жағдайы өте ауыр болғандықтан, санавиациямен Ақтауға алып кетуге жарамады. Сондықтан ол аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде қалдырылды. Дәрігерлердің жіті бақылады. Бірақ жарақаты өте  ауыр болды», – деді Әсия Шонтыбаева.

Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өрттен зардап шеккен 4 адам ем қабылдап жатыр. Денесінің 40 пайызын күйік шалған ер адам мен оның 11 жастағы ұлы Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылған.

«Ер адамның жағдайы ауыр. Өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Денесінің 50 пайызы күйіп қалған баланың беті бері қарады. Сөйлейді, есін біледі», – деді басқарма өкілі.

Бұған дейін «Маңғышлақ-Ақтөбе» жолаушылар пойызындағы өрт туралы жазған болатынбыз.