Ташкентте Елбасына Құрметті төраға мәртебесі берілді
Ташкентте Елбасына Құрметті төраға мәртебесі берілді
120
оқылды

Өзбекстан астанасы Ташкентте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Орталық Азия мемлекет басшылары Консультативтік кездесуінің Құрметті төрағасы мәртебесі берілді.


Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Твиттердегі парақшасында жазды.

«Екінші консультативтік кездесуде делегация басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа Орталық Азия мемлекет басшылары Консультативтік кездесуінің Құрметті төрағасы мәртебесін беру жөнінде шешім қабылдады» – деп жазды.

Айта кетейік, Елбасы Ташкентке Орталық Азия мемлекет басшылары екінші консультативтік кездесуіне келген болатын. Шара аясында Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті.