Алматыда қойманы тонағандар ұсталды
Алматыда қойманы тонағандар ұсталды
143
оқылды

Ұрлық видеоға түсіп қалған.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 4 адам Ақжар ықшамауданындағы қоймаға түнгі 11:00-де кірген.

«Ұрылар күзетшіні «күзет компаниясынан келген тексерушілерміз» деп алдаған. Күзетші есікті ашқан кезде ұрылар оны ұрып құлатқан. Қарақшылар ақша сақталған сейфтегі 8 миллион теңге мен декоративті косметиканың бірнеше қорабын алып кеткен. Күзетші ұрылар кетісімен дабыл қақты. Ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталды. Олардың ең үлкені 32 жастағы Алматы облысының тумасы екені анықталды, – деді Наурызбай аудандық ПБ басшысы Дидар Аханов.

Ұрланған сейфті тығып кетіп, 2 күннен соң қайта оралған. Сейфті алу үшін қалаға кіріп келе жатқанда ұсталған.   қойма  

Ұсталғандардың бірі осы фирмада экспедитор болып жұмыс істеген. Ол компанияның табысы жайлы білген.