Жеңілмеген қазақ боксшы Эрнесто Эспанамен (30-2-1, 25 КО) жекпе-жекке шығады
Жеңілмеген қазақ боксшы Эрнесто Эспанамен (30-2-1, 25 КО) жекпе-жекке шығады
121
оқылды

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Нұрсұлтан Жаңабаевтың (8-0, 5 КО) келесі қарсыласы белгілі болды, – деп хабарлайды Vesti.kz.

26 жастағы Жаңабаев рингке 21 желтоқсан Краснояр қаласында шығады. Жеңілмеген қазақ боксшының қарсыласы 38 жастағы венесуэлалық Эрнесто Эспана (30-2-1, 25 КО). Он раундқа есептелген жекпе-жекте Жаңабаев WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific титулдарын қорғайды. 
Эспана карьерасының басым бөлігін отанында өткізген. Тек бір реттен Испания, Канада және Қытайда жұдырықтасты.

Айта кетейік, Красноярдағы шоудың басты жекпе-жегінде бірінші ауыр салмақта WBA және IBF тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы Денис Лебедев (32-2, 23 КО) оңтүстікафрикалық Табисо Мчунумен (21-5, 13 КО) жұдырықтасады.

Бокс кешінің андеркартында супер орта салмақта өнер көрсететін Айдос Ербосынұлы (12-0, 8 КО) да жекпе-жекке шығады.