Шымкентте әйелді үйдің кіреберісінде зорламақ болған күдікті ұсталды
Шымкентте әйелді үйдің кіреберісінде зорламақ болған күдікті ұсталды
120
оқылды
Шымкент полицейлері көппәтерлі үйдің кіреберісінде әйелді зорламақшы болған күдіктіні ұстады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз хабарлады. «Полиция қызметкерлері күдіктінің аты-жөнін анықтау мен ұстау үшін бірқатар шара жасады. Соның нәтижесінде кеше күдікті ұсталды. Ол 1985 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Одан бөлек, тергеу амалдарын жүргізу барысында күдіктінің жәбірленушінің қалтасынан 8000 теңгеге жуық ақша ұрлағаны анықталды. Ол өз кінәсін толық мойындады», - деді Нұрділдә Ораз онлайн брифингте. Қазіргі уақытта күдікті Шымкент қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Аталған жайттар бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабының екінші бөлігінде және 120-бабының бірінші бөлігінде көзделген, тонау және зорлауға оқталу бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыстық әрекеттері дәлелденсе, ол сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу амалдары жалғасуда», - дейді Н. Ораз.